Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай Целиноград ауданы Ақмол ауылында думандатып дүркіреген той өтіп ақ түйенің қарны жарылғандай болды тайқазанға ет асылып, наурыз көже жасалды. Мерекелік концерт қойылып, аудан әкімі Бақытбек Амантайұлының тікелей қатысуымен әрбір бөлім , халқымыздың сан ғасырлық тыныс-тіршілігіне байланысты ұлттық тәлім-тәрбиеге қатысты салт-дәстүр, әдеп-ғұрыптарымен таныстырды. Мемлекеттік архив ұжымына берілген салт-дәстүр, бала туылғаннан кейін баланы бесікке бөлеу дәстүрі. Қазақ халқы «Бесіксіз үйде береке жоқ» деп өмірге келер сәбиді асыға күткен. Себебі бала — өмірдің гүлі, жалғасы. Жас нәрестенің өмірге келуі, отбасы мүшелеріне әкесі мен атасына, нағашы жұртына үлкен қуаныш әкелген, жас нәресте өмірге келгенде арнайы адам жіберіп сүйінші сұратқан. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын. Басымыз аман болсын. Наурыз мейрамы құтты болсын