A- A A+
Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасының «Целиноград ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі».

Ел Президентінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы № 78 "Балалар жылын жариялау туралы" Жарлығын іске асыру аясында Мәдениет және спорт министрлігінің мұрағат істері және құжаттаманы басқару комитетінің бастамасымен "Архив және болашақ ұрпақ" жобасы жүзеге асырылуда .

Жобаның негізгі идеясы жыл сайын 21 қыркүйекте бүкіл ел бойынша мемлекеттік архивтердің әр түрлі жастағы балаларды кеңінен қамти отырып, "Архив және болашақ ұрпақ" ашық есік күнін өткізуі болып табылады.

"Архив және болашақ ұрпақ" республикалық жобасын жүзеге асыру аясында 2022 жылдың 21 қыркүйегінде Целиноград ауданының мемлекеттік мұрағатында Ақмол ауылының №5 ОМ 7-9 сынып оқушыларына "Туған өлке – тұнған тарих" атты мектеп сабағы өткізілді.

Оқушылар назарына мұрағаттық және фото құжаттар бойынша көрме ұсынылды, онда балалар өз өлкесінің тарихымен танысты.

Сондай-ақ, Целиноград ауданы мемлекеттік архив директоры Л.Е. Абраева экскурсия өткізіп, балалар архив ісінің тарихымен және архив қорларындағы қызықты құжаттармен танысты.

Мақаланың шыққан күні: 21.09.2022
Қаралым саны: 1083

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасының «Целиноград ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі».
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»