Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасының «Целиноград ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі». |
2018 жылдың 26 ақпанында Алғыс айту күнiне орай Целиноград ауданы мемлекеттiк архивiнiң директоры Л.Е.Абраева «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында №5 Ақмол орта мектебiнiң 7 сынып оқушыларына архивтiң шағын көрме залында көрме өткiздi. Көрмеге латын әрпiндегi құжаттар (атқарушы комитеттiң 1935 жылғы қаулысы, 1935-1936 жылдарға шаруашылық кiтаптар), Целиноград ауданының фарфоровый зауыты бұйымдарының төлқұжаттарыжәне т.б. көрсетiлдi.