Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасының «Целиноград ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі». |
27 ақпан күні «Алаш» бірлестігінің ұйымдастыруымен Қараөткел орта мектебінде мемлекеттік архив қызметкерлерімен кездесу өтті. Жиын орта мектептің мәжіліс залында ұйымдастырылып, оған тарих пәнінің мұғалімдері, педагогикалық белсенділер, 8-10 сынып оқушылары қатысты. Жиын соңында мемлекеттік архив директоры Л.Абраева Музей келушілерінің кітабына мектеп пен бірлестіктің мұражай жұмысына сәттілік тілеп, өз жазбасын қалдырды.