Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасының «Целиноград ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі». |
2018 жылдың 05 сәуiрiнде Целиноград ауданы мемлекеттiк архивiнiң директоры Абраева Л.Е. Оразақ селолық округi әкiм аппаратының қызметкерлерiмен «Ведомствалық архивтердiң құжаттарының сақталуын ұйымдастыру тәртiбi» тақырыбында семинар өткiздi. Директор өз сөзiнде, ұйым архивiндегi құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету үшiн материалдық-техникалық базаны құру туралы айтып өттi. Семинар соңында архив директоры ведомствалық архивке аяқталған iстердi тапсыру бойынша iс жүзiнде көмек көрсеттi.