1. Жалпы ережелер
1) Көрсетiлетiн қызметтi берушi туралы мәлiметтер
2022 жылға арналған Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасының жергiлiктi атқарушы органдарының мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi жөнiндегi қызметi туралы есебiнде (бұдан әрi — басқарма) басқарманың және ведомстволық бағынысты ұйымдардың (мемлекеттiк архивтердiң) көрсетiлген мемлекеттiк қызметтерi бойынша мәлiметтер енгiзiлген.
2) Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша ақпарат
— Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтер саны: мемлекеттiк архивтер 1 мемлекеттiк қызмет түрiн көрсетедi – «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділерін беру»
«Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділерін беру» мемлекеттік қызмет алу үшін құжаттарды қабылдау және мемлекеттiк қызметтер көрсету нәтижелерiн беру:
1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы;
2) Ақмола облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкiмет «мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы;
3) «электрондық үкiметтiң» www.e.gov.kz, веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк қызмет жартылай автоматтандырлыған электрондық (iшiнара)/қағаз нысанда көрсетiледi.
Барлық мемлекеттiк қызметтер тегiн көрсетiледi.
2022 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттiк қызметтердiң саны 714 құрады:
– «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы арқылы — 96;
– веб-портал арқылы www.e.gov.kz– 272;
Қызмет берушiнiң кеңсесi арқылы (мемлекеттiк ахивтер) — 396.
Целиноград ауданының мемлекеттiк архивінде «Е-gov» өзiне-өзi қызмет көрсетудiң 1 бұрышы орнатылған.
3.Қызмет алушылармен жұмыс
1) Мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбi туралы ақпаратқа қол жеткiзу көздерi мен орындары туралы мәлiметтер.
«Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділерін беру» мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы ақпаратты Целиноград ауданының ақпараттық стенді және ресми сайты арқылы алуға болады. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығының телефондары бойынша 1414, 8 800 080 7777.
2) Мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбiн айқындайтын заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.
Целиноград ауданының мемлекеттік архиві қызметi туралы есептер Целиноград ауданының мемлекеттік архив сайтында орналастырылады, онда әрбiр ауданы тұрғыны есептердi қарап, түсiнiктемелер қалдыра алады.
3) Мемлекеттiк қызметтер көрсету процесiнiң ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралар (түсiндiру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).
Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң ашықтығын қамтамасыз ету және қызмет алушылардың хабардарлығын арттыру мақсатында 2022 жыл iшiнде мемлекеттiк қызмет көрсету процестерiн жетiлдiру бойынша 58 iс — шара өткiзiлдi:
1) семинар — кеңес және «дөңгелек үстел», акция — 50;
2) мемлекеттiк орган (ведомстволық бағынысты ұйым) қызметкерлерiнiң БАҚ-та мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша сөз сөйлеуi — 5;
3) әлеуметтiк желiлерде: Instagram, Facebook, Вконтакте — 2;
4) (тiкелей эфир желi парақщаларында) -1.
4. Мемлекеттiк қызметтер көрсету процестерiн жетiлдiру жөнiндегi қызмет
1) 2022 жылы «электрондық үкiмет» порталы арқылы «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділерін беру» мемлекеттiк қызметтi орындау бойынша мемлекеттiк қызметтердi көрсету процестерiн оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелерi:
2022 жылы «электрондық үкiмет» порталы арқылы 368 мемлекеттiк қызметi көрсетiлдi.
2) Мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыруға бағытталған iс-шаралар.
2022 жылы Целиноград ауданының мемлекеттiк архивінің архивистері А.Алпысбекова, Ж.Кинашева Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде бiлiктiлiктi арттыру курстарынан өттi.
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын бақылау
1) «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділерін беру» мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
2022 жылы «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділерін беру» мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша шағымдар тiркелген жоқ.
5. Мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң одан әрi тиiмдiлiгiнiң перспективалары және сапасына көрсетiлетiн қызметтi алушылардың қанағаттануын арттыру.
Азаматтардың өтiнiштерiмен жұмыс iстеуде, оның iшiнде қағазбастылық пен бюрократизм фактiлерiнiң жолын кесу, ашықтық саясатын қалыптастыру мақсатында кәсiби тәсiлдi қолдану, сондай-ақ ЭҮП арқылы «Архивтiк анықтамалар, архивтiк құжаттардың көшiрмелерi немесе архивтiк үзiндiлер беру» мемлекеттiк қызметiн алу туралы халықты хабардар ету («электрондық үкiмет» порталын танымал ету үшiн БАҚ, әлеуметтiк желiлер және т.б. арқылы халықты хабардар етудi жүргiзу).
Директор Л. Абраева
Комментарии