Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасының «Целиноград ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі». |
Архив iсi саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер
стандарттарын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрiнiң 2015 жылғы 17 сәуiрдегi № 138 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2015 жылы 20 мамырда № 11086 тiркелдi.
•Мәтiн
•Ресми жарияланым
•Ақпарат
•Өзгерiстер тарихы
•Сiлтемелер
•Көшiру
•Басқа
Ескерту. Бұйрықтың атауы жаңа редакцияда — ҚР Мәдениет және спорт министрiнiң 07.03.2017 № 57 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
"Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мына:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Архивтiк анықтамалар беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметстандарты;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Ұлттық архив қорының мемлекеттiк меншiктегi құжаттарын Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге уақытша әкетуге рұқсат беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк архивтерiнен шығатын және шетелге жiберiлетiн архивтiк анықтамаларға және архивтiк құжаттардың көшiрмелерiне апостиль қою" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты бекiтiлсiн.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Мәдениет және спорт министрiнiң 07.03.2017 № 57 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң Мұрағаттық iс және құжаттама департаментi заңнамада белгiленген тәртiпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн мерзiмдi баспа басылымдарында, "Әдiлет" ақпараттық-құқықтық жүйесiнде жариялануын;
3) ресми жарияланғаннан кейiн осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы тармақпен көзделген iс-шаралардың орындалуы туралы мәлiметтердi iс-шараларды орындағаннан кейiн он жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң Заң қызметi департаментiне ұсынуды қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшiлiк ететiн Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрiне жүктелсiн.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрi А.Мұхамедиұлы
"КЕЛIСIЛДI"
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрi
__________ Ә. Исекешев
2015 жылғы "__" ______
"КЕЛIСIЛДI"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрi
______________ Е. Досаев
2015 жылғы 21 сәуiр
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрiнiң
2015 жылғы 17 сәуiрдегi
№ 138 бұйрығына 1-қосымша
"Архивтiк анықтамалар беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты
Ескерту. Стандарттың атауы жаңа редакцияда — ҚР Мәдениет және спорт министрiнiң 07.03.2017 № 57бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда — ҚР Мәдениет және спорт министрiнiң 27.01.2016 № 16 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың атауы жаңа редакцияда — ҚР Мәдениет және спорт министрiнiң 07.03.2017 № 57бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
1. "Архивтiк анықтамалар беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Мәдениет және спорт министрiнiң 07.03.2017 № 57 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.
3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi "Қазақстан Республикасы Ұлттық архивi" республикалық мемлекеттiк мекемесi, орталық мемлекеттiк архивтер, облыстардың, қалалардың, аудандардың мемлекеттiк архивтерi және олардың филиалдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.
Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң нәтижесiн беру:
1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi;
2) "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы" коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация);
3) www.egov.kz "электрондық үкiмет" веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР Мәдениет және спорт министрiнiң 07.03.2017 № 57 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi
Ескерту. 2-тараудың атауы жаңа редакцияда — ҚР Мәдениет және спорт министрiнiң 07.03.2017 № 57бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:
1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге, Мемлекеттiк корпорацияға құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi 11 (он бiр) жұмыс күнi iшiнде берiледi.
Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн екi немесе одан да көп ұйымдардың, сондай-ақ уақыты 5 (бес) жылдан асқан кезеңнiң құжаттарын зерделеу қажет болған жағдайларда, мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi аяқталғаннан кейiн көрсетiлетiн қызметтi берушi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiн күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын мерзiмге ұзартады, бұл туралы қарау мерзiмi
ұзартылған күннен бастап күнтiзбелiк 3 (үш) күн iшiнде өтiнiште көрсетiлген мекенжайға хат жолдау арқылы көрсетiлетiн қызметтi алушы хабарландырылады.
Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кезде құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмiне кiрмейдi;
2) көрсетiлетiн қызметтi алушының көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат берiлген ең ұзақ уақыты — 15 (он бес) минут, Мемлекеттiк корпорацияға — 15 (он бес) минут;
3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң көрсетiлетiн қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат берiлген ең ұзақ уақыты — 30 (отыз) минут, Мемлекеттiк корпорацияда — 20 (жиырма) минут.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР Мәдениет және спорт министрiнiң 07.03.2017 № 57 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық (iшiнара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.
6. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесi — әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы келесi мәлiметтердi: жұмыс өтiлiн, жалақы мөлшерiн, жасын, отбасының құрамын, бiлiмiн, марапатталғанын, зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк төлемдердiң аударылуын, ғылыми дәрежелер мен атақтардың берiлуiн, жазатайым оқиғаны, емделуде немесе қоныс аударуда болуын, қуғын-сүргiнге ұшырағанын, жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау, экологиялық апат аймақтарында тұрғанын, бас бостандығынан айыру жерлерiнде болғанын, азаматтық хал актiлерi, құқық белгiлеушi және сәйкестендiру құжаттары жөнiндегi мәлiметтердi растау туралы архивтiк анықтама немесе олардың болмауы туралы жауап, немесе архивтiк құжаттардан куәландырылған архивтiк көшiрмелер мен үзiндiлер.
Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру нысаны — қағаз түрiнде.
Порталда мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн алу күнi мен орны көрсетiлген хабарлама берiледi.
Ескерту. 6-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР Мәдениет және спорт министрiнiң 07.03.2017 № 57 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
7. Мемлекеттiк қызмет ақысыз негiзде жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) көрсетiледi.
8. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексiне сәйкес жұмыс кестесi:
1) көрсетiлетiн қызметтi берушi — демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн.
Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызмет нәтижесiн беру сағат 9.00-ден 17.30-ға дейiн жүргiзiледi, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн.
Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз, кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады;
2) Мемлекеттiк корпорация — жексенбi және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда, белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес түскi үзiлiссiз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн.
Құжаттарды қабылдау "электрондық" кезек тәртiбiмен, көрсетiлетiн қызметтi алушының қалауы бойынша, жеделдетiлген қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады, электрондық кезектi портал арқылы "броньдауға" болады;
3) портал арқылы — тәулiк бойы, жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда (көрсетiлетiн қызметтi алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерi жүгiнген кезде өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет нәтижесiн беру келесi жұмыс күнi жүзеге асырылады).
9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не оның уәкiлеттi өкiлi: уәкiлеттiлiгiн растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенiмхат бойынша жеке тұлға) жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:
1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге:
көрсетiлетiн қызметтi алушы өзi келгенде:
көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын куәландыратын құжат, уәкiлеттiлiгiн растайтын құжат, немесе көрсетiлетiн қызметтi алушының мүдделерiн үшiншi тұлға ұсынған кезде, нотариалды куәландырылған сенiмхат (жеке басын сәйкестендiру үшiн ұсынылады, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жұмыскерi жеке басын куәландыру үшiн құжаттың электрондық көшiрмесiн жасайды, одан кейiн оның түпнұсқасын көрсетiлетiн қызметтi алушыға қайтарады);
осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған өтiнiш. Болған жағдайда сұрау салынған мәлiметтердi растайтын құжаттар немесе олардың көшiрмелерi өтiнiшке қоса берiледi.
Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң көрсетiлетiн қызметтi алушыдан осы тармақшада көрсетiлген құжаттар пакетiнiң қабылдағандығын кiрiс құжатты қабылдау күнi мен уақыты және нөмiрi белгiленген, құжаттарды қабылдаған тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда) көрсетiлген көрсетiлетiн қызметтi алушы өтiнiшiнiң көшiрмесi растайды;
көрсетiлетiн қызметтi алушы почта арқылы жүгiнгенде:
жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкiлi қол қойған, өтiнiш бiлдiрушi туралы мәлiметтер (жеке тұлға үшiн — тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда), тұрғылықты жерi, заңды тұлға үшiн — оның атауы, заңды мекенжайы) көрсетiлген және сұрау салынған мәлiметтердi iздестiруге қажеттi ақпарат бар еркiн нұсқада жазылған өтiнiш. Болған жағдайда сұрау салынған мәлiметтердi растайтын құжаттар немесе олардың көшiрмелерi өтiнiшке қоса берiледi;
2) Мемлекеттiк корпорацияға:
көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын куәландыратын құжат, уәкiлеттiлiгiн растайтын құжат, немесе көрсетiлетiн қызметтi алушының мүдделерiн үшiншi тұлға ұсынған кезде, нотариалды куәландырылған сенiмхат (жеке басын сәйкестендiру үшiн ұсынылады, Мемлекеттiк корпорацияның жұмыскерi жеке басын куәландыру үшiн құжаттың электрондық көшiрмесiн жасайды, одан кейiн оның түпнұсқасын көрсетiлетiн қызметтi алушыға қайтарады);
осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған өтiнiш. Болған жағдайда сұрау салынған мәлiметтердi растайтын құжаттардың көшiрмелерi өтiнiшке қоса берiледi.
Көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын растайтын құжаттардың мәлiметтерiн көрсетiлетiн қызметтi берушi мен Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi "электрондық үкiмет" шлюзi арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетiлетiн қызметтi берушi мен Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк қызметтер көрсету кезiнде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға көрсетiлетiн қызметтi алушының келiсiмiн алады.
Мемлекеттiк корпорацияда мемлекеттiк қызметтiң дайын нәтижесiн беру тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхаттың негiзiнде жеке басын куәландыратын құжат бойынша (не оның уәкiлеттi өкiлi: уәкiлеттiлiгiн растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенiмхат бойынша жеке тұлға) жүзеге асырылады.
Мемлекеттiккорпорация мемлекеттiк қызмет нәтижесiн 1 (бiр) ай бойы сақтауды қамтамасыз етедi, одан кейiн оны көрсетiлетiн қызметтi берушiге 1 (бiр) жыл бойы сақтау үшiн тапсырады. Көрсетiлетiн қызметтi алушы 1 (бiр) ай өткеннен кейiн жүгiнген кезде Мемлекеттiк корпорацияның сұрауы бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi 10 (он) жұмыс күнiнiң iшiнде мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң дайын нәтижесiн көрсетiлетiн қызметтi алушыға беру үшiн Мемлекеттiк корпорацияға жолдайды.
Құжаттарды Мемлекеттiк корпорация арқылы қабылдаған кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берiледi.
3) порталға:
көрсетiлетiн қызметтi алушының электрондық цифрлық қолымен (бұдан әрi — ЭЦҚ) немесе бiр реттiк паролiмен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу. Болған жағдайда растайтын құжаттардың электрондық көшiрмелерi қоса берiледi.
Портал арқылы жүгiнген жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiне" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету үшiн сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн алатын күнi, уақыты мен орны көрсетiлген хабарлама жолданады.
Ескерту. 9-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР Мәдениет және спорт министрiнiң 07.03.2017 № 57 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
10. Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағында көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi құжаттарды қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат бередi.
Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағында көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзiмi өтiп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi қабылдаудан бас тартады.
Ескерту. 10-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР Мәдениет және спорт министрiнiң 07.03.2017 № 57 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
10-1. Көрсетiлетiн қызметтi көрсетушi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсетуден көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердiң (мәлiметтердiң) анық еместiгi анықталған жағдайларда бас тартады.
Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту себебiн жойған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алу үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушының қайта жүгiнуiне болады.
Ескерту. 2-тарау 10-1-тармақпен толықтырылды — ҚР Мәдениет және спорт министрiнiң 07.03.2017 № 57бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
3-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттiк корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерiнiң шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi
Ескерту. 3-тараудың атауы жаңа редакцияда — ҚР Мәдениет және спорт министрiнiң 07.03.2017 № 57бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
11. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымданған жағдайда шағым Министрлiктiң www.mks.gov.kz интернет-ресурсында көрсетiлген мекенжайлар бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының атына, не Министрлiк басшысының атына 010000, Астана қаласы, Есiл ауданы, Мәңгiлiк Ел даңғылы, 8-үй, "Министрлiктер үйi" ғимараты, № 15 кiреберiс мекенжайына берiледi.
Шағым қолданыстағы заңнамада көрсетiлген жағдайларда, жазбаша нысанда почта арқылы немесе электрондық түрде, не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы қолма-қол қабылданады.
Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде тiркеу (кiрiс нөмiрi және күнi) шағымның қабылданғандығын растау болып табылады. Көрсетiлетiн қызметтi алушы өзi келген жағдайда кiрiс құжатты қабылдау күнi мен уақыты және нөмiрi белгiленген, шағымды қабылдаған адамның тегi, аты және әкесiнiң аты (ол болған жағдайда) көрсетiлген талон берiледi.
Шағымда:
1) жеке тұлғаның — тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда), қолы және тұрғылықты жерi;
2) заңды тұлғаның — атауы, заңды мекенжайы, шығыс нөмiрi мен күнi көрсетiледi.
Мемлекеттiк корпорация қызметкерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым Мемлекеттiк корпорацияның филиалы, бөлiмi басшысына Мемлекеттiк корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетiлген мекенжайлар мен телефондар арқылы жолданады.
Мемлекеттiк корпорацияға қолма-қол, сондай-ақ почта арқылы түскен шағымның қабылданғанын растау оны тiркеу (кiрiс нөмiрi және тiркеу күнi шағымда немесе шағымның iлеспе хатында қойылады) болып табылады.
Портал арқылы жүгiнген кезде шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты көрсетiлетiн қызметтi алушы осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 17-тармағында көрсетiлген бiрыңғай байланыс-орталығының телефондары арқылы алады.
Шағымды портал арқылы жiберген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға "жеке кабинетiнде" көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң өтiнiштi қарауы барысында жаңартылып отыратын өтiнiш туралы ақпарат (жеткiзу, тiркеу, орындау туралы белгi, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетiмдi болады.
Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуы тиiс.
Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiнедi.
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына түскен шағым тiркелген күнiнен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.
Ескерту. 11-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР Мәдениет және спорт министрiнiң 07.03.2017 № 57 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнедi.
4-тарау. Мемлекеттiк қызметтiң, оның iшiнде электрондық нысанда және Мемлекеттiк корпорация арқылы көрсетiлетiн қызметтiң ерекшелiктерi ескерiле отырып қойылатын өзге талаптар
Ескерту. 4-тараудың атауы жаңа редакцияда — ҚР Мәдениет және спорт министрiнiң 07.03.2017 № 57бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
13. Организм функцияларының тұрақтылығы бұзылған, өзiн-өзi қарап күту, өздiгiнен жүрiп-тұру, бағдарлай алу қабiлетiнен немесе мүмкiндiгiнен толық немесе iшiнара айырылған көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк қызметтi көрсету 1414, 8 800 080 7777 бiрыңғай байланыс-орталығы арқылы жүгiнгенде Мемлекеттiк корпорация қызметкерi құжаттарды қабылдау үшiн тұрғылықты жерiне шыға отырып жүргiзедi.
14. Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрлiктiң — www.mks.gov.kz интернет-ресурсында;
2) Мемлекеттiк корпорацияның — www.con.gov.kz интернет-ресурсында;
3) порталда орналастырылған.
15. Көрсетiлетiн қызметтi алушы оның ЭЦҚ болған жағдайда, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi портал арқылы алады.
16. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң тәртiбi мен мәртебесi туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинетi" арқылы қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде, сондай-ақ бiрыңғай байланыс-орталығы арқылы алады.
17. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтама қызметтерiнiң телефондары Министрлiктiң www.mks.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлiмiнде орналастырылған. Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс-орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
"Архивтiк анықтамалар беру"
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет
стандартына
1-қосымша
Нысан
____________________________
(көрсетiлетiн қызметтi
берушiнiң атауы)
____________________________
(көрсетiлетiн қызметтi
алушының тегi, аты, әкесiнiң
аты
___________________________
(ол болған жағдайда)
Тұрғылықты жерi (жеке тұлға
үшiн)/заңды мекенжайы (заңды
тұлға үшiн):
____________________________
____________________________
Байланыс телефоны: __________
Жеке сәйкестендiру нөмiрi: ____
Өтiнiш
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда — ҚР Мәдениет және спорт министрiнiң 07.03.2017 № 57 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
Келесi __________________________________________________________________ жылдағы
(жылдардағы): ___________________________________________________________________
(көрсетiлген мерзiмде мәлiметтер сұратылып отырған тұлғаның
________________________________________________________________________________
тегi (қыз кезiндегi тегi), аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда), туған жылы)
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
туралы _________________________________________________________________________
(сұратылатын мәлiметтердi көрсету қажет)
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
мәлiметтердi растау туралы архивтiк анықтаманы (архивтiк құжаттардан куәландырылған
архивтiк көшiрмелер мен үзiндiлер) берудi сұраймын.
Қосымша: сұрау салынған мәлiметтердi растайтын құжаттар немесе олардың
көшiрмелерi (болған жағдайда)
1) ________________________________________;
2) ________________________________________;
3) ________________________________________.
Мемлекеттiк ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәлiметтердi пайдалануға келiсемiн.
20 __ жылғы "____"_______________ ________________ (қолы).
"Архивтiк анықтамалар беру"
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет
стандартына
2-қосымша
Нысан
____________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (ол
болған жағдайда), көрсетiлетiн
қызметтi алушы ұйымның атауы)
___________________________
(көрсетiлетiн қызметтi
алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда — ҚР Мәдениет және спорт министрiнiң 07.03.2017 № 57 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
"Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 cәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы" коммерциялық емес акционерлiк қоғамы филиалының № __ бөлiмi (мекенжайы көрсетiлсiн) "Архивтiк анықтамалар беру" мемлекеттiк қызметiн көрсетуге құжаттарды қабылдаудан Сiздiң мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартында көзделген тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:
жоқ құжаттардың атауы:
1) _______________________________;
2) _______________________________;
3) _______________________________.
Осы қолхат әр тарапқа бiр-бiрден екi данада жасалды.
Мемлекеттiк корпорация қызметкерiнiң
тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда) (қолы)
Күнi
Орынд. тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда) __________________________________
Тел. ______________________________
Алды: тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда)/көрсетiлетiн қызметтi алушының қолы
20 __ жылғы "__" ____________