AA

Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасының «Целиноград ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі».

Социалитсік Еңбек Ері

Целиноград ауданының мемлекеттік архивінің құжаттарынан Есенжолова Сағила Абдрахманқызының өмірі мен қызметі жайлы еске түсірейік. Есенжолова Сағила Абдрахманқызы Ақмола облысының Социалистік Еңбек Ері атағына ие болған тұңғыш қазақ әйелі. Сағила Абдрахманқызы 1942 жылы Ақмола облысы Целиноград ауданы Киров ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. 13 жасынан бастап Целиноград ауданының Киров атындағы колхозда жұмыс істеді. 1957 жылдан 1977 жылға дейін осы колхозда сауыншы болды. 1977 жылы зооветеринарлық техникумның мал шаруашылығының сырттай бөлімін бітірді, содан кейін Киров атындағы колхозда сүт фермасының бригадирі болып тағайындалды. Жұмыс барысында ол ірі қара малды іріктеуге ерекше назар аударды.КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1981 жылғы 19 ақпандағы Жарлығымен мемлекетке 1980 жылы миллиард пұт астық сату жөніндегі жоспарлар мен социалистік міндеттемелерді орындауда және нан мен басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен сатып алу жөніндегі оныншы бесжылдық жоспарларды асыра орындауда қол жеткізген аса көрнекті табыстары үшін Сағила Абдрахманқызы Есенжоловаға Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, Ленин ордені және "Орақ пен Балға"алтын медалі табыс етілді. Сондай-ақ Қазақ КСР ауыл шаруашылығының еңбек сіңірген қызметкері болды. Ленин (1981), Еңбек Қызыл Ту (1971) ордендерімен, медальдармен, оның ішінде "Еңбектегі ерлігі үшін" (1966) орденімен марапатталды. Өмірінің соңына дейін қоғамдық қызметпен белсенді айналысқан, туған өлкесінің әл-ауқатына әрдайым қамқорлық көрсеткен көрнекті еңбекқор қарапайым жарқын бейнесі кейінгі жас ұрпақтардың жүрегінде мәңгі сақталады. Қазақ әйелдеріне осылай үлгі болатын Есенжолова Сағила Абдрахманқызының жолын берсін...

Парақтағы соңғы өзгерістер:: 08.03.2022 09:00
© 2024. Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасының «Целиноград ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі».
Яндекс.Метрика