Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасының «Целиноград ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі».

«Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

"Мұрағаттық анықтамалар беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентiн бекiту туралы" Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 22 мамырдағы № А-5/219 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 1 шiлдедегi № А-7/294 қаулысы. Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 10 тамызда № 6046 болып тiркелдi

РҚАО-ның ескертпесi.

Құжаттың мәтiнiнде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

"Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. "Мұрағаттық анықтамалар беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентiн бекiту туралы" Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 22 мамырдағы № А-5/219 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4841 болып тiркелген, 2015 жылғы 10 шiлдеде "Әдiлет" ақпараттық-құқықтық жүйесiнде жарияланған) келесi өзгерiстер енгiзiлсiн:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

"Архивтiк анықтамалар беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентiн бекiту туралы";

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

"1. Қоса берiлiп отырған "Архивтiк анықтамалар беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi бекiтiлсiн.";

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген "Мұрағаттық анықтамалар беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары А.Е.Мысырәлiмоваға жүктелсiн.

3. Осы қаулы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Ақмола облысының әкiмi                                                                                        М.Мырзалин

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2017 жылғы 1 шiлдедегi
№ А-7/294 қаулысына
қосымша

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы 22 мамырдағы
№ А-5/219 қаулысымен
бекiтiлдi

«Архивтiк анықтамалар беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

1. "Архивтiк анықтамалар беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) облыстың, аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының мемлекеттiк архивтерiмен (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетiледi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн беру:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi;

2) "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы" коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация);

3) "электрондық үкiмет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрi — Портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық (iшiнара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.

3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесi — әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы келесi мәлiметтердi: жұмыс өтiлiн, жалақы мөлшерiн, жасын, отбасының құрамын, бiлiмiн, марапатталғанын, зейнетақы жарналарын мен әлеуметтiк төлемдердiң аударылуын, ғылыми дәрежелер мен атақтардың берiлуiн, жазатайым оқиғаны, емделуде немесе қоныс аударуда болуын, қуғын-сүргiнге ұшырағанын, жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау, экологиялық апат аймақтарында тұрғанын, бас бостандығынан айыру жерлерiнде болғанын, азаматтық хал актiлерi, құқық белгiлеушi және сәйкестендiру құжаттары жөнiндегi мәлiметтердi растау туралы архивтiк анықтама немесе олардың болмауы туралы жауап, немесе архивтiк құжаттардан куәландырылған архивтiк көшiрмелер мен үзiндiлер.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру нысаны — қағаз түрiнде.

Порталда мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн алудың орны мен күнi көрсетiлген хабарлама берiледi.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметшiлерiнiң) iс-қимылы тәртiбiн сипаттау

4. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрiнiң 2015 жылғы 17 сәуiр № 138 бұйрығымен бекiтiлген "Архивтiк анықтамалар беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының (бұдан әрi — Стандарт) 9-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынады (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11086 болып тiркелген).

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерi құжаттарды қабылдауды, оларды тiркеудi iске асырады — 15 минут.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзiмi өтiп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi қабылдаудан бас тартады;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы хат-хабармен танысады және жауапты орындаушыны белгiлейдi — 1 сағат;

3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушы құжаттарды тексерудi жүзеге асырады, әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы мәлiметтердi растау туралы архивтiк анықтаманы немесе олардың болмауы туралы жауапты дайындайды — 10 жұмыс күнi. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн екi немесе одан да көп ұйымдардың, сондай-ақ уақыты 5 жылдан асқан кезеңнiң құжаттарын зерделеу қажет болған жағдайларда, мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi аяқталғаннан кейiн көрсетiлетiн қызметтi берушi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiн күнтiзбелiк 30 күннен аспайтын мерзiмге ұзартады, бұл туралы қарау мерзiмi ұзартылған күннен бастап күнтiзбелiк 3 күн iшiнде өтiнiште көрсетiлген мекенжайға хат жолдау арқылы көрсетiлетiн қызметтi алушы хабарландырылады.

Көрсетiлетiн қызметтi көрсетушi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсетуден көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердiң (мәлiметтердiң) анық еместiгi анықталған жағдайларда бас тартады;

4) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы мәлiметтердi растау туралы архивтiк анықтамаға немесе олардың болмауы туралы жауапқа қол қояды — 1 сағат;

5) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерi әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы мәлiметтердi растау туралы архивтiк анықтаманы немесе олардың болмауы туралы жауап бередi жүзеге асырады — 15 минут.

6. Келесi рәсiмдi (iс-қимылды) орындауды бастау үшiн негiз болатын мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша рәсiмнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:

1) құжаттарды қабылдау және тiркеу;

2) жауапты орындаушыны белгiлеу;

3) құжаттарды тексеру, әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы мәлiметтердi растау туралы архивтiк анықтаманы немесе олардың болмауы туралы жауапты дайындау;

4) әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы мәлiметтердi растау туралы архивтiк анықтамаға немесе олардың болмауы туралы жауапқа қол қою;

5) әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы мәлiметтердi растау туралы архивтiк анықтаманы немесе олардың болмауы туралы жауапты беру.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызмет берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимылы тәртiбiн сипаттау

7. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) тiзбесiн:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерi;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы;

3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы.

8. Әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) реттiлiгiнiң сипаттау:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерi құжаттарды қабылдауды, оларды тiркеудi iске асырады — 15 минут.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзiмi өтiп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi қабылдаудан бас тартады;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы хат-хабармен танысады және жауапты орындаушыны белгiлейдi — 1 сағат;

3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушы құжаттарды тексерудi жүзеге асырады, әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы мәлiметтердi растау туралы архивтiк анықтаманы немесе олардың болмауы туралы жауапты дайындайды — 10 жұмыс күнi. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн екi немесе одан да көп ұйымдардың, сондай-ақ уақыты 5 жылдан асқан кезеңнiң құжаттарын зерделеу қажет болған жағдайларда, мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi аяқталғаннан кейiн көрсетiлетiн қызметтi берушi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiн күнтiзбелiк 30 күннен аспайтын мерзiмге ұзартады, бұл туралы қарау мерзiмi ұзартылған күннен бастап күнтiзбелiк 3 күн iшiнде өтiнiште көрсетiлген мекенжайға хат жолдау арқылы көрсетiлетiн қызметтi алушы хабарландырылады.

Көрсетiлетiн қызметтi көрсетушi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсетуден көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердiң (мәлiметтердiң) анық еместiгi анықталған жағдайларда бас тартады;

4) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы мәлiметтердi растау туралы архивтiк анықтамаға немесе олардың болмауы туралы жауапқа қол қояды — 1 сағат;

5) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерi әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы мәлiметтердi растау туралы архивтiк анықтаманы немесе олардың болмауы туралы жауап бередi жүзеге асырады — 15 минут.

4. "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен өзара iс-қимыл тәртiбiн, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiнiң сипаттау

9. Мемлекеттiк корпорацияға жүгiну тәртiбiн, көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн өңдеу ұзақтығын сипаттау:

1-процесс — Мемлекеттiк корпорация қызметкерi ұсынылған құжаттарды тексередi, көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн қабылдайды және тiркейдi, құжаттарды қабылдаған күнi мен уақыты көрсетiлген құжаттарды қабылдау туралы қолхат бередi;

1-шарт — көрсетiлетiн қызметтi алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетiлген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда Мемлекеттiк корпорация қызметкерi құжаттарды қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi;

2-процесс — көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң осы регламенттiң 5-тармағында қаралған рәсiмдерi (iс-қимылдары);

3-процесс — Мемлекеттiк корпорация қызметкерi тиiстi құжаттарды қабылдау туралы қолхатта көрсетiлген мерзiмде көрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсетудiң дайын нәтижесiн бередi.

Мемлекеттiк корпорацияға өтiнiш бiлдiру кезiнде құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету мерзiмiне кiрмейдi.

Құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 15 минут;

қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 20 минут.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушының (немесе оның уәкiлеттi өкiлiнiң: өкiлеттiгiн растайтын құжат бойынша заңды тұлғаның; нотариалдық куәландырылған сенiмхат бойынша жеке тұлғаның) өтiнiш бiлдiру кезiнде қажеттi құжаттар тiзбесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын куәландыратын құжаты, өкiлдiң өкiлеттiгiн растайтын құжат немесе нотариалдық куәландырылған сенiмхаты (жеке басын сәйкестендiру үшiн ұсынылады, көрсетiлетiн қызмет берушiнiң қызметкерi сәйкестендiру үшiн жеке куәлiктiң көшiрмесiн жасайды, содан кейiн оның түпнұсқасын көрсетiлетiн қызметтi алушыға қайтарады);

2) Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтiнiштi толтыру. Болған жағдайда өтiнiшке сұратылған мәлiметтердi растайтын құжаттар немесе олардың көшiрмелерi қоса берiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушi мен Мемлекеттiк корпорация қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын куәландыратын құжаттардағы мәлiметтердi тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден "электрондық үкiмет" шлюзi арқылы алады.

10. "Электрондық үкiмет" веб-порталы арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде көрсетiлетiн қызметтi берушi мен көрсетiлетiн қызметтi алушының жүгiну және рәсiмдерiнiң (iс-қимылдарының) реттiлiгi тәртiбiн сипаттау.

көрсетiлетiн қызметтi алушы порталда жеке сәйкестендiру нөмiрiнiң (бұдан әрi — ЖСН) және бизнес-сәйкестендiру нөмiрiнiң (бұдан әрi — БСН), сондай-ақ парольдiң (Порталда тiркелмеген көрсетiлетiн қызметтi алушылар үшiн жүзеге асырылады) көмегiмен тiркелудi жүзеге асырады;

1-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушының көрсетiлетiн қызмет алу үшiн Порталда ЖСН/БСН мен паролiн енгiзу процесi (авторландыру процесi);

1-шарт — Порталда тiркелген көрсетiлетiн қызметтi алушы туралы мәлiметтердiң түпнұсқалығын ЖСН/БСН мен пароль арқылы тексеру;

2-процесс — Порталдың көрсетiлетiн қызметтi алушының мәлiметтерiндегi бұзушылықтарға байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыруы;

3-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушының осы регламентте көрсетiлген қызметтi таңдауы, экранға қызмет көрсетуге арналған сұраныс нысанын шығару және көрсетiлетiн қызметтi алушының нысанды оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып толтыруы (мәлiметтердi енгiзу), сұраныс нысанына Стандарттың 9-тармағында көрсетiлген құжаттардың қажеттi көшiрмелерiн электрондық түрде бекiту, сондай-ақ сұранысты куәландыру (қол қою) үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушының электрондық цифрлық қолтаңба тiркеу куәлiгiн (бұдан әрi — ЭЦҚ) немесе бiр реттiк парольдi таңдауы;

2-шарт — Порталда ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнiң қолданылу мерзiмiн және тiзiмде керi қайтарылған (жойылған) тiркеу куәлiктерiнiң болмауын, сондай-ақ сәйкестендiру мәлiметтерiнiң (сұраныста көрсетiлген ЖСН/БСН мен ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнде көрсетiлген ЖСН/БСН арасындағы) сәйкестiгiн тексеру;

4-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауымен байланысты сұратылып отырған қызметтi көрсетуден бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

5-процесс — көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң сұранысты өңдеу үшiн "электрондық үкiмет" шлюзi арқылы автоматтандырылған жұмыс орнындағы "электрондық үкiметтiң" өңiрлiк шлюзiне көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетiлетiн қызметтi алушының сұранысты) жолдау;

6-процесс — көрсетiлген қызметтi берушiнiң осы регламенттiң 5-тармағында көзделген рәсiмдерi (iс-қимылдары);

7-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiнде" алуы. Электрондық құжат көрсетiлетiн қызмет берушi басшысының ЭЦҚ қолданумен қалыптасады.

Портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимыл диаграммасы осы регламенттiң 1-қосымшасында келтiрiлген.

Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) ретiн, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетiлген қызметтi берушiлер және (немесе) Мемлекеттiк корпорациямен өзара iс-қимыл тәртiбiнiң және мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi қолдану тәртiбiнiң сипаттамасы осы регламенттiң 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiледi.

"Архивтiк анықтамалар беру"
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет
регламентiне
1-қосымша

Портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимыл диаграммасы

Аббревиатураларды түсiндiру:

Портал — www.egov.kz "электрондық үкiмет" веб-порталы;

ЭҮШ — "электрондық үкiмет" шлюзi.

"Архивтiк анықтамалар беру"
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет
регламентiне
2-қосымша

"Архивтiк анықтамалар беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету бизнес-процестерiнiң анықтамалығы

Парақтағы соңғы өзгерістер:: 21.09.2017 15:04
© 2024. Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасының «Целиноград ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі».