A- A A+
АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ АРХИВТЕР МЕН ҚҰЖАТТАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЕЛКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Шағымдану тәртібі

Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының, уәкiлеттi ұйымның бөлiмшелерiнiң, орталықтардың және (немесе) олардың қызметкерлерiнiң шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, уәкiлеттi ұйымның бөлiмшелерiнiң, орталықтардың және (немесе) олардың қызметкерлерiнiң басшысына тiкелей, телефондар 8 71651 -31-182. Азаматтарды қабылдау кестесi мына интернет-ресурстарда: www.mki.gov.kz, www.celin-archive.akmo.gov.kz орналастырылған;

2). Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармсының сайтына www.аrhiv.akmol.kz

3) Целиноград ауданының мемлекеттiк архивi КММ ғимаратында шағымдар мен ұсыныстар жәшiгi арқылы (021800, Целиноград ауданы Ақмол ауылы Гагарин көшесi, 2 үй);

4) жазбаша шағыммен 020000, Көкшетау қаласы, А.Баймуканов көшесi, 23-үй мекен жайы бойынша орналасқан Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармсының кеңсесiне жүгiну арқылы жүзеге асырылады.

Шағымда көрсетiлетiн қызметтi алушының тегi, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесiнiң аты, пошталық мекенжайы көрсетiледi. Шағымға көрсетiлетiн қызметтi алушы қол қоюға тиiс. Шағым берген кезде шағым жасалатын субъектiнiң атауы немесе лауазымды адамның лауазымы, тегi мен аты-жөнi, өтiнiш беру себебi мен талаптары көрсетiледi.

Жазбаша шағыммен жүгiнген көрсетiлетiн қызметтi алушыға шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi, күнi және уақыты көрсетiлген талон берiледi.

Қабылданған шағым «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген мерзiмдерде қаралады.

Шағымды қарау нәтижелерi туралы қызметтi алушыға жазбаша түрде хабарланады.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушы заңнамада белгiленген тәртiпте сотқа жүгiнуге құқылы.


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 03.08.2016 10:29

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ АРХИВТЕР МЕН ҚҰЖАТТАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЕЛКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Яндекс.Метрика
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»