Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасының «Целиноград ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі».

Целиноград ауданы мемлекеттік архивінің 2018 жылға жұмыс жоспары

Бекiтемiн
Целиноград ауданы
архивның директоры
_________Л.Абраева
______________2017

Целиноград ауданы
мемлекеттiк архивiнiң 2018 жылға
жұмыс жоспары
Кiрiспе

Қазақстан Республикасының «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңын iске асыру мақсатында, 2018 жылы мемлекеттiк архивпен ауданда архивтiк iстердiң дамуы үшiн алға қойған мiндеттердi шешу және негiзгi көрсеткiштер жоспары бойынша негiзгi жұмыс көлемiн орындауға бағытталады.

Жұмыс бағытының негiзгi басымдылығы:

-қор толықтырушылардың өңделмей тапсырылған құжаттарын өңдеуiн жалғастыру

-құжаттарды ғылыми — техникалық өңдеу бойынша архивты толықтыратын мекемелерге әдiстемелiк және iс — жүзiнде көмек көрсету

-мемлекеттiк сақтауға құжаттарды қабылдауды iске асыру

2018 жылы келесiдей негiзгi iс — шаралармен жұмыстар орындалады:

1.Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қоры құжаттарын есепке алып олардың сақталуын қамтамасыз ету

Архивтiң архив қоймаларында құжаттарды сақтау мақсатында жиi санитарлы — гигиеналық, қажеттi температуралы — ылғалдылық режимiн сақтауға iс — шаралар жүргiзу жоспарлануда. Материалды — техникалық базасын арттыруға мән қойылып. Құжаттарды жарықтан қорғау үшiн қораптар алу көзделген. 100 сақтау бiр. құжаттардың күйiн жақсарту жоспарланды (№ 1 қосымша).

Олардың iшiнде №32 қор (Заря совхозы) 70 сақтау бiрлiгiнiң 1816 бетiн қалпына келтiруге жатады. 30 сақтау бiрлiгiнiң сыртқы мұқабалары ауыстырылып қайта тiгiледi. 2044 сақтау бiрлiгi жаңа қораптарға салынады (№ 2 қосымша).

Қағаз жүзiндегi 713 сақтау бiрл. көлемiнде құжаттардың қалпын және толықтылығын тексеру жоспарлануда. Тексерiлетiн қорлардың тiзiмi қосылған (№ 3 қосымша).

15 қор бойынша есепке алу құжаттарының жинақтамасын мұқият салыстыру өткiзiледi (№4 қосымша).

Мемлекеттiк сақтауға түсетiн құжаттарды уақытылы есепке алып, парақтарын, жаңа қорларға қор карточкасын дайындап, қайта түскен қорлардың есепке алу құжаттарына уақытылы өзгерiстер енгiзу.

2.Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорын құрастыру. Ведомствалық архивтермен ұйымдастыру әдiстемелiк басшылық жасау және мекемелердiң, ұйымдардың, кәсiпорындардың iс -жүргiзуiндегi құжаттарды ұйымдастыру.

Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорын қалыптастыру iсiнде мемлекеттiк сақтауға алынатын құжаттарға сапалы iрiктеу өткiзуге негiзгi назар аударылады. 2018 жылға тұрақты сақталатын басқармалық құжаттардың 1779 сақтау бiрлiгi және 259 сақтау бiрлiгi жеке құрам бойынша құжаттарды, 40 сақтау бiрлiгi фотоқұжаттарды қабылдау жоспарлануда (№ 5 қосымша).

Қосшы, Новоишимка, Красноярка, Шалқар, Ақмол, Қоянды селолық округтерi әкiмшiлiк аппараттарының тұрақты сақталатын және жеке құрам бойынша құжаттарының тiзiмдемесi Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар басқармасының сараптамалық тексеру әдiстемелiк комиссиясына қарауға ұсынылады.

Ведомствалық архив, эксперттық комиссия туралы ереженi және номенклатураны жетiлдiруге әдiстемелiк және iс — жүзiнде мекемелерге көмек көрсетiледi.

2018 жылы селолық әкiмшiлiк аппаратының қызметкерлерiне және аудан әкiмшiлiгiнiң дербес бөлiмдерiнiң қызметкерлерiне 8 семинар — жиын келесi тақырыпта өткiзу белгiленген:

1.Құжаттарға тiзiмдеме жасау тәртiбi

2.Номенклатураны құрастыру және тәртiбi туралы

3.Құжаттардың құндылығына сараптама жүргiзу

4.Тұрақты сақталатын құжаттарды қалыптастыру

5.Құжаттардың ғылыми — техникалық өңделуi

6.Ведомствалық архивте iс — жүргiзу

7.ҰАҚ құжаттарын қалыптсатыру және сақтау

8.Жеке құрам бойынша құжаттарды қалыптастыру

2018 жылы «Красноярский» және «Октябрь» совхоздарының тұрақты

сақталатын және жеке құрам бойынша құжаттарына ғылыми — техникалық өңдеу жұмыстары жалғасады. Аталған құжаттар архивте өңделмеген қалпында тапсырылған.

Мемлекеттiк сақтауға Қосшы, Новоишимка, Краснояр, Шалқар, Ақмол, Қоянды селолық округтерi әкiм аппараттарының құжаттары қабылдануы жоспарланған.

3.Ғылыми ақпараттық және құжаттарды қолдану ақпараттық iздеу жүйесiн құру.

Архивтардың негiзгi мiндеттерiнiң бiрi архив құжаттарын жұртқа таныту, құжаттарды азаматтардың құқығын және заңды мүддесiн қорғау үшiн қолдану.

Бұқаралық ақпарат құралдарында, «Вести Акмола» аудандық газетiнде келесi мақалалар жарық көредi:

1.«Газета отражает жизнь района» («Новая степь», «Жаңа арқа» газеттерiнiң әАкмолинский ударник» болып атын өгерткенiне 85 жылдығына орай).

2. «Нам — 90!» (17.01.1928 жылы аудан орталығы Ақмола қаласы болып Ақмола (Целиноград) ауданы құрылды).

3.«Славный сын народа» (Социалистiк Еңбек Ерi Л.М.Картаузовтың туғанына 85 жыл)

4.«С песней по жизни» («Ақмола — Феникс» АҚ хорының құрылғанына 45 жыл)

5.«Высокие обязательства» (Ақмола ауданында малшаруашылығы екпiндiлерiнiң 1 ауданыдық слетiнiң өткенiне 85 жыл)

6.«Под единым шаныраком» (Тұңғыш Президент Күнi — мемлекеттiк мерекесiне орай)

Ауданның 90 жылдығына, саяси құғын — сүргiн және тоталитаризм құрбандарының күнiне, Тұңғыш Президент Күнi — мемлекеттiк мерекесiне орай көрмелер дайындалады.

«Архивтiк анықтамалар беру» мемлекеттiк қызметiн сапалы және уақытылы көрсету сұрақтары тұрақты бақылауда болады. «Вести Акмола» аудан газеттерiнiң беттерiнде аталған қызметтi алудың тәртiбi туралы мақалалар және 2016 жылға мемлекеттiк қызмет көрсету қорытындысы бойынша ақапарат жарық көредi. ХҚКО қызметкерлерiмен мемлекеттiк қызметтi ұсыну сұрақтары бойынша келесi тақырыптарда 4 дәрiс — семинар өткiзiледi:

1.Архивтiк анықтаманы қалай алу керек

2.Архивтiк анықтамалар онлайн режимiнде

3.Сiзге архивтiк анықтама керек болса

4.Сiз бiзге өтiнiш жаздыңызба

Целиноград ауданы мемлекеттiк архивiнiң веб — сайтын ай сайын

жаңартылуы ұйғарылуда.

5.Ғылыми — техникалық ақпарат. Кадрдың бiлiктiлiгiн арттыру. Ұжымның әлеуметтiк дамуы.

Архив қызметкерлерiнiң кәсiби деңгейiн арттыру үшiн 1 архивист және 1 бухгалтер — архивист бiлiктiлiгiн арттыру курстарын өту жоспарлануда. Архивтiк iс бойынша нормативтi — құқықтық құжаттарды жан — жақты зерделеу ұйымдастырылады. Ұдайы жедел кеңестерде архив қызметкерлерiнiң жоспар көрсеткiштерiн орындау бойынша есептерi тыңдалады.

Ақмола облысының архивтер
мен құжаттамалар басқармасының
басшысымен келiсiлдi
________________М. Тохаева
___________20_____

Парақтағы соңғы өзгерістер:: 30.07.2018 11:11
© 2024. Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасының «Целиноград ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі».