AA

Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасының «Целиноград ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі».

Целиноград ауданы мемлекеттік архивінің 2017 жылға жұмыс жоспары

Бекiтемiн
Целиноград ауданы
архивның директоры
_________Б. Оразақова

Целиноград ауданы
мемлекеттiк архивiнiң 2017 жылға
жұмыс жоспары

Қазақстан Республикасының «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңын iске асыру мақсатында, 2017 жылы мемлекеттiк архивпен ауданда архивтiк iстердiң дамуы үшiн алға қойған мiндеттердi шешу және негiзгi көрсеткiштер жоспары бойынша негiзгi жұмыс көлемiн орындауға бағытталады.

Жұмыс бағытының негiзгi басымдылығы:

-архивты басқа үй — жайға көшiру

-қорларды жаңа архив қоймасына қою, құжаттардың толықтығын тексеру

-құжаттарды ғылыми — техникалық өңдеу бойынша архивты толықтыратын мекемелермен жұмыс жүргiзу

-мемлекеттiк сақтауға құжаттарды қабылдауды iске асыру

Жұмыстың бағыты бойынша келесiдей iс — шаралармен жұмыстар орындау:

1.Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қоры құжаттарын есепке алып олардың сақталуын қамтамасыз ету

Архивтiң архив қоймаларында құжаттарды сақтау мақсатында жиi санитарлы — гигиеналық, қажеттi температуралы — ылғалдылық режимiн сақтауға iс — шаралар жүргiзу жоспарлануда. Материалды — техникалық базасын арттыруға мән қойылып, құжаттарды жарықтан қорғау үшiн қораптар алу көзделген. 2017 жылы 100 сақтау бiрлiгiнiң құжаттардың күйiн жақсарту жоспарланды (№ 1 қосымша).

Олардың iшiнде №37 қор (Рождественканың автотранспорттық кәсiпорны) 60 сақтау бiрлiгiнiң 450 бетiн қалпына келтiруге жатады. 40 сақтау бiрлiгiнiң сыртқы мұқабалары ауыстырылып қайта тiгiледi. 9000 сақтау бiрлiгi жаңа қораптарға салынады (№ 2 қосымша).

Қағаз жүзiндегi 758 сақтау бiрл. көлемiнде құжаттардың қалпын және толықтылығын тексеру жоспарлануда. Тексерiлетiн қорлардың тiзiмi қосылған (№ 3 қосымша).

20 қор бойынша есепке алу құжаттарының жинақтамасын мұқият салыстыру өткiзiледi (№4 қосымша).

Мемлекеттiк сақтауға түсетiн құжаттарды уақытылы есепке алып, парақтарын, жаңа қорларға қор карточкасын дайындап, қайта түскен қорлардың есепке алу құжаттарына уақытылы өзгерiстер енгiзу.

2.Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорын құрастыру. Ведомствалық архивтермен ұйымдастыру әдiстемелiк басшылық жасау және мекемелердiң, ұйымдардың, кәсiпорындардың iс -жүргiзуiндегi құжаттарды ұйымдастыру.

Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорын қалыптастыру iсiнде мемлекеттiк сақтауға алынатын құжаттарға сапалы iрiктеу өткiзуге негiзгi назар аударылады. 2017 жылға тұрақты сақталатын басқармалық құжаттардың 2807 сақтау бiрлiгi және 9000 сақтау бiрлiгi жеке құрам бойынша құжаттарды қабылдау жоспарлануда (№ 5 қосымша).

Шалқар, Новоишимка, Красноярка селолық округтерi әкiмшiлiк аппараттарының тұрақты сақталатын және жеке құрам бойынша құжаттарының тiзiмдемесi Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар басқармасының сараптамалық тексеру әдiстемелiк комиссиясына қарауға ұсынылады.

Сақтау мерзiмi көрсетiлген үлгiнiң құжаттар тiзбесi және ведомствалық архивтер ережелерiне сәйкес мекемелер және ұйымдардың iстер номенклатурасын келiсiмдеу бойынша жұмыстар жүргiзу

Целиноград ауданы прокуратурасының номенклатурасын, ведомствалық архив туралы ережесiн, сараптамалық комиссиясын жетiлдiруге әдiстемелiк және iс — жүзiнде көмек көрсетiледi.

2017 жылы селолық әкiмшiлiк аппаратының қызметкерлерiне және аудан әкiмшiлiгiнiң дербес бөлiмдерiнiң қызметкерлерiне 2 семинар — жиын келесi тақырыпта өткiзу белгiленген:

1.Құжаттарға тiзiмдеме жасау тәртiбi

2.Номенклатураны құрастыру мерзiмi және тәртiбi туралы

2017 жылы «Красноярский» совхозының тұрақты сақталатын және

жеке құрам бойынша құжаттарына ғылыми — техникулық өңдеу жұмыстары жалғасады. Аталған құжаттар архивте өңделмеген қалпында тапсырылған.

Мемлекеттiк сақтауға селолық әкiм аппараттарының құүжаттары қабылдануы жоспарланған. Мемлекеттiк сақтауға Шалқар, Новоишимка, Красноярка селолық округтерi әкiмшiлiк аппараттарының құжаттары сақтауға қабылданады.

3.Ғылыми ақпараттық және құжаттарды қолдану ақпараттық iздеу жүйесiн құру.

Архивтардың негiзгi мiндеттерiнiң бiрi архив құжаттарын жұртқа таныту, құжаттарды азаматтардың құқығын және заңды мүддесiн қорғау үшiн қолдану.

Бұқаралық ақпарат құралдарында, «Вести Акмола» аудандық газетiнде келесi мақалалар жарық көредi:

1.«Оставившие свой след на земле…» (аудан еңбеккерлерiнiң Социалистiк Еңбек Ерi атағын иеленгендерiнiң 60 жылдығына орай).

2.«Фестиваль молодежи в районе» (Воздвиженка ауылында алғашқы жастар фестивалiн өткiзгенiнiң 60 жылдығына орай).

3.«Нам — 90!» ( Ауданның мерейтойына орай).

«Ауданға 90 жыл» атты аудан кiтапханасының ғимаратында көрме дайындалып және дәл осы көрме бойынша оқушыларға экскурсия өткiзiледi.

«Герои — наши земляки» (ауданның белгiлi адамдары туралы) тақырыбында оқушыларға бiр сабақ өткiзу жоспарлануда.

Шалқар, Новоишимка, Красноярка селолық округ әкiмшiлiк аппараттарының басқарма құжаттарына сипаттау жүргiзу жоспарлануда.

Қораралық сiлтеушiнi жаңартуда жұмыс өткiзу қажет. «Архивтiк анықтамалар беру» мемлекеттiк қызметiн сапалы және уақытылы көрсету сұрақтары тұрақты бақылауда болады. «Вести Акмола» аудан газеттерiнiң беттерiндеаталған қызметтi алудың тәртiбi туралы «Если Вам нужна рахивная справка» мақаласы және 2016 жылға мемлекеттiк қызмет көрсету қорытындысы бойынша ақапарат жарық көредi. ХҚКО қызметкерлерiмен мемлекеттiк қызметтi ұсыну сұрақтары бойынша келесi тақырыптарда 3 дәрiс — семинар өткiзiледi:

1.Архивтiк анықтамалар онлайн режимiнде

2.Өзгерiстерден қорықпаңыз

3.Уақытылы және сапалы

Целиноград ауданы мемлекеттiк архивiнiң веб — сайтын ай сайын

жаңартылуы ұйғарылуда.

4.Ғылыми — техникалық ақпарат. Кадрдың бiлiктiлiгiн арттыру. Ұжымның әлеуметтiк дамуы.

Архив қызметкерлерiнiң кәсiби деңгейiн арттыру үшiн архивтiк iс бойынша нормативтi — құқықтық құжаттарды жан — жақты зерделеу ұйымдастырылады. Ұдайы жедел кеңестерде архив қызметкерлерiнiң жоспар көрсеткiштерiн орындау бойынша есептерi тыңдалады.

Ақмола облысының архивтер
мен құжаттамалар басқармасының
басшысымен келiсiлдi
________________М. Тохаева
___________20_____

Парақтағы соңғы өзгерістер:: 06.11.2017 15:15
© 2024. Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасының «Целиноград ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі».