A- A A+
АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ АРХИВТЕР МЕН ҚҰЖАТТАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЕЛКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
2017 жылдың 6 айына жоспарды орындау бойынша ЕСЕП

Ақмола облысы архивтер
Мен құжаттамалар басқармасының
«Целиноград ауданының мемлекеттiк архивi»
КММ

2017 жылдың 6 айына
жоспарды орындау бойынша
ЕСЕП

2017 жылдың бiрiншi жарты жылдығында архивтың жұмысы жоспараланған көрсеткiштердi орындауға бағытталды.

Осы жылдың ақпан айында архив жаңа үй — жайға көшiп, архив қоры кеңейiп оның ауданы 324,12 м² құрды. Стеллаждар құрылып, қорлар жаңа архив қоймасына ораналастырылды.

314 қорап сатып алынды және 1 жартыжылдықта 9000 сақтау бiрлiгi жаңа қораптарға салынды. Аталған қордың 25 сақтау бiрлiгiнде 200 бет жаңартылып, 15 сақтау бiрлiгiнiң мұқабасы ауыстырылды.

Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету үшiн әрдайым санитарлы — гигиеналық iс — шаралар жүргiзiлдi.

«Ақмола — Феникс» АҚ, Тасты, Қараөткел ауылдық округтерiне, Целиноград ауданының қазынашылық басқармасына номенклатураны әзiрлеуде әдiстемелiк көмек көрсетiлдi.

Целиноград ауданының прокуратурасына тұрақты сақталатын құжаттарын сипаттамалауға, iстердi жою актiсiне әдiстемелiк көмек көрсетiлдi.

Шалқар селолық округiне шығып құжаттардың ғылыми — техникалық өңделуi бойынша iс жүзiнде көмек көрсетiлдi. Құжаттар 1945 жылдан берi өңделмеген, осыған орай Шалқар селолық округiнiң әкiмiне 2017 жылдың қазан айына дейiн құжаттарды өңдеп, осы жылдың қараша айына дейiн тұрақты сақтаудағы құжаттарды мемлекеттiк архивқа сақтауға тапсыруы керек екендiгi жайлы хабарлама жолданды.

2017 жылдың 5-7 маусым аралығында мемлекеттiк архив «Есiк ашық күндер» атты акция өткiздi, келген қызметкерлерге құжаттарды ғылыми — техникалық өңдеуге, тұрақты сақталатын құжаттарды қалыптастырып оларды дұрыс тiгуге, iшкi тiзiм және куәландыру парағын жасауға iс жүзiнде көмек көрсетiлдi. Жеке құрам құжаттары қалай сақталып және қалыптасатыны туралы айтылды. Акцияға селолық округ әкiмшiлiктерiнiң және мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерi қатысты.

Ағымдағы жылдың 5 маусымында ведомствалық архивтердiң қызметкерлерiмен құжаттардың құндылығына сараптама өткiзу, құжаттарды қалыптастыру және құжаттарды ғылыми — техникалық өңдеуден өткiзу туралы дөңгелек стол өткiзiлдi.

6 маусымда архив ғимаратында құжаттарды ғылыми — техникалық өңдеуден өткiзу: iшкi тiзiмдеменi даярлау, куәландыру парағын жасау, тұрақты сақтау және жеке құрам бойынша құжаттарды қалыптастыру бойынша семинарлық оқыту өткiзiлдi.

7 маусымда Целиноград ауданы ХҚКО- да «Архивтiк анықтамалар беру» мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша тұрғындар арасында архив қызметкерлерi ақпараттық — түсiнiктеме жұмыстарымен «Архив консультация бередi» атты бiр жолғы акциясын өтткiздi. Акцияның өту барысында «Архивтiк анықтамалар беру» мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша түсiнiктеме брошюралы таратылып, архивисттар әлеуметтiк — құқықтық сипатта қойылған сұрақтарға консультация өткiздi.

31 мамыр күнi 2930 бiрлiкте Красный флаг, КСП «Оразақ», КТ «Касенов и К» ұйымының құжаттары өңделмеген күйiнде мемлекеттiк сақтауға қабылданды. Құжаттарды жылдар бойынша бөлiп, өңдеулуi басталды.

Бiрiншi жартыжылдықта Целиноград ауданы статистика басқармасының 2 сақтау бiрлiкте басқарма құжаттары, Целиноград совхоз — техникумының 9000 сақтау бiрлiгiнде 1964-1995 жылдарға, Целиноград ауданы әкiм аппаратының 88 сақтау бiрлiкте 2006-2012 жылдарға жеке құрам бойынша құжаттары сақтауға қабылданды.

Бiрiншi жартыжылдықта құжаттарды каталогтеу жұмысы өткiзiлдi, каталог карточкаларын жасау үшiн Ақмола ауданының атқарушы комитетiнiң 20 сақтау бiрлiк құжаттары қаралып, 8 сақтау бiрлiк құжаттарынан 10 каталогты карточка жасалында.

31 мамыр күнi «АЛЖИР» мұражай комплексiнде тұтқындарды еске алып гүл шоқтарын қойды. Сол күнi «АЛЖИР» тұтқыны болған Клящторный Маия Тодоровнамен кездестi.

02 маусым күнi архив ұжымы Мемлекеттiк рәмiздер күнiне арналған аудандық iс-шараға қатысты.

«Есiл Нұра» газетiнде «Архивтан мәлiмет алыңыз» атты мемлекеттiк мақала жарыққа шықты және «Тарих беттерi» айдарынан «Вестник Акмола» газетiнiң беттерiнде «Герои наши земляки» мақаласы басылып шықты.

Халықаралық архив күнiне орай «Вестник Акмола» газетiнде Целиноград ауданы мемлекеттiк архивiнiң ұжымы атынан архивист М.Ф. Тумаеваны құттықтау мақаласы шықты.

Күн сайын «Архивтiк анықтамалар беру» мемлекеттiк қызметi көрсетiлуде. 2017 жылдың 1 жартыжылдығында: 616 (ТМД -187) -әлеуметтiк — құқықтық сипаттағы сұранымдар, 235 (ТМД-187) — почта арқылы, 155 — ХҚКО-ғы арқылы, 226- ЭҮП-лы арқылы.

602 — сұраным орындалды, оның iшiнде 289 –ы оң нәтижелi; 2016 жылдың бiрiншi жартыжылдығымен салыстырғанда, 2017 жартыжылдығында 125 сұранымға артық ол 21,0% құрайды.

Директор                                                                                                         Л.Абраева


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 06.11.2017 14:52

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ АРХИВТЕР МЕН ҚҰЖАТТАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЕЛКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Яндекс.Метрика
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»