A- A A+
АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ АРХИВТЕР МЕН ҚҰЖАТТАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЕЛКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
2016 жылдың 1 тоқсанына жоспарды орындау бойынша ЕСЕП

2016 жылдың бiрiншi тоқсанында архивтың жұмысы осы аралыққа жоспараланған көрсеткiштердi орындауға бағытталды.

Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету үшiн әрдайым санитарлы — гигиеналық iс — шаралар жүргiзiлдi. 78 қорап сатып алынды. «Ильиновский» совхозының №4 қор 30 сақтау бiрлiгiнiң мұқабасы ауыстырылды. Аталған қордың 19 сақтау бiрлiгiнiң 57 бетi жаңартылды.

Бiрiншi тоқсанда 311 сақтау бiрлiгi жаңа қораптарға салынды: оның iшiнде: 127 сақтау бiрлiгi «Ильиновский» совхозы, 34 сақтау бiрлiгi М.Мәметова атындағы совхозы, 150 сақтау бiрлiгi «Цефар» АҚ құжаттары.

Целиноград ауданы бойынша әдiлет басқармасы құрылымының өзгеруiне байланысты жаңа номенклатура әзiрлеуге әдiстемелiк көмек көрсетiлдi. Келесi мекемелердiң номенлатурасы бекiтiлдi: дене шынықтыру және спорт бөлiмi, Целиногралад ауданының қазынашылық басқармасы, Софиевка селолық округiнiң әкiмшiлiк аппараты, ауданның мәдениет бөлiмi.

Целиноград ауданы сотының тұрақты сақталатын құжаттарының тiзiмдемесiн жасауға әдiстемелiк көмек көрсетiлдi. Ақмола облысының сараптамалық тексеру әдiстемелiк комиссиясына Целиноград ауданының 750 iстi құрайтын тұрақты сақталатын құжаттарының тiзiмдемесi қарастырылуға жiберiлдi.

Мемлекеттiк архивте «Ильиновский» совхозының жеке құрам құжаттары қалыпқа келтiрiлiп, Целиноград совхоз — техникумының құжаттарына сипаттама жүргiзiлуде.

«Архивтық анықтамаларды алу» мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша ақпан айында ХҚКО қызметкерлерiмен дөңгелек стөл өткiзiлдi.

Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт Министрлiгiнiң 27.01.2016 жылғы №16 «Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт Министрлiгiнiң 17.04.2015 жылғы жылғы №138 «Архив iсi саласындағы мемлекеттiк қызмет көрсетiлетiн қызметтер стандарттарына өгерiстер енгiзуi туралы» бұйрығын таныстыру мақсатында Целиноград ауданының архив қызметкерлерiмен кеңес өткiзiлдi.

«Вести Акмола» ауданыдық газетiне М.Мәметова совхозының тұңғыш тың қайраткерi, Совет Үкiметiнiң Ерi М.Мелодив жайлы «И в труде он, как в бою» атты мақаласы әзiрлендi.

«Ақмола облысының архив қызметi» атты кiтапқа материалдар жинау жұмыстары жүргiзiлдi.

2016 жылдың 1 тоқсанында барлығы — 228 (53 –ТМД) әлеуметтiк — құқықтық сұранымдар келiп түстi: оның iшiнде: почта арқылы — 79 (53 — ТМД), оның iшiнде 14 (10-ТМД) сұраным 2015 жылдыңесебiне кiрмегендер, ХҚКО — 79 (оның iшiнде — 4-i 2015 жылдан), ЭҮП арқылы — 53 (оның iшiнде — 4 сұраным 2015 жылдан). Атқарушы билiк органдарынан — 16 сұраным түстi (олар бөлек журналда тiркеледi).

2016 жылдың 1 тоқсанында — 228 (53-ТМД) әлеуметтiк — құқықтық сұранымдар орындалды, оның iшiнде — 145 (33 — ТМД) оң нәтижелi.

2016 жылдың 1 тоқсанында 1 тематикалық сұраным түстi, оның iшiнде 1 –i оң нәтижелi.


Директор госархива                                                                                               Б. Уразакова


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 06.11.2017 17:19

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ АРХИВТЕР МЕН ҚҰЖАТТАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЕЛКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Яндекс.Метрика
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»