АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ АРХИВТЕР МЕН ҚҰЖАТТАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЕЛКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Календарь 2018 ж.

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ АРХИВТЕР МЕН
ҚҰЖАТТАМАЛАР БАСҚАРМАСЫ
«ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК АРХИВI»
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТIК МЕКЕМЕСI

 

 

 

2018 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН
ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫНЫҢ
АЙТУЛЫ ЖӘНЕ ЕСТЕЛIК
КҮНДЕРIНIҢ КҮНТIЗБЕСI

 

Келiсiлдi
Мемлекеттiк архив директоры
___________Б. Уразакова
___________2016 ж.


Ақмол ауылы
2016

 

М А З М Ұ Н Ы

Алғысөз . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .1

2018 жылдың айтулы және естелiк күндерi. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 2-3

Күндерi белгiленбеген

айтулы және естелiк күндер. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .4

2018 жылдың айтулы және естелiк

күндерiне анықтамалар мен түсiнiктемелер. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5-7

 

А Л Ғ Ы С Ө З

Целиноград ауданының 2018 жылға арналған айтулы және естелiк күндерiнiң күнтiзбесi Целиноград ауданының Мемлекеттiк архивiмен әзiрлендi.

Күнтiзбеге аудан тарихының маңызды оқиғаларының күндерi, аудандық ұйымдар, мекемелердiң құрылу күндерi, ауданның атақты адамдарының мерейтойлары енгiзiлдi.

Күнтiзбенi әзiрлеу кезiнде анықтамалар, жинақтар, мерзiмдi басылымдар пайдаланылды.

Күнтiзбе үш бөлiмнен тұрады. Бiрiншi бөлiмде хронологиялық тәртiпте күнi мен айы көрсетiлген айтулы және мерейтойлы күндер көрсетiлген. Екiншi бөлiмде күндерi белгiленбеген оқиғалар көрсетiлген. Үшiншi бөлiмде мәлiметтерi мерзiмдi басылым мен жарияланған көздерден анықталған 2018 жылдың айтулы күндерiне анықтама — түсiнiктемелер берiлдi.

Осы тарауда анықтама — түсiнiктеме берiлген күндер * белгiсiмен белгiлендi.

Архивист                                                       А.Алпысбекова

06.09.2016.

 

2018 жылдың айтулы және естелiк күндерi

05 қаңтар*Социалистiк Еңбек Ерi, Қазақ СРО-ның еңбек сiңiрген механизаторы, Воздвиженка ауылының құрметтi азаматы Кенжебек Алпысбаевтың туғанына 115 жыл (1903)

__________________________________________________

«Ақмола» энциклопедиясы, «Атамұра» баспасы 1995,

288 бет

10 қаңтар85 жыл бұрын (1933) «Новая степь», «Жана — Арка» Ақмола аудандық газеттерi «Акмолинский ударник», «Ақмола екпiндiсi» болып атын өзгерттi

_________________________________________________

Облыс партиялық архивi, 25 қор, 1 тiзiм, 37 iс, 51 бет

17 қаңтар*Ақмола (Целиноград) ауданының құрылғанына 90 жыл (1928)

________________________________________________

Қазақстанның әкiмшiлiк — аумақтық бөлiну анықтамасы А-Ата, 1959, 183 бет.

16 маусым*Социалистiк Еңбек Ерi, «Родина» совхозының трактористi Леонид Михайлович Картаузовтың туғанына 85 жыл (1933)

________________________________________________

Оқиғалар хроникасы

23 шiлде*70 жыл (1948) бұрын мал шаруашылығында жоғары өнiм алғаны үшiн Ақмола облысының 16 озатына Социалистiк Еңбек Ерi атағы берiлдi. Олардың iшiнде — К.Инербаев — Жаңаауыл колхозы (Ақмола ауданы)

________________________________________________

«Акмолинская правда» газетi, 27 шiлде 1948 жыл

22 қазан*Воздвиженка ауылының тумасы Социалистiк Еңбек Ерi Дмитрий Тихонович Степановтың туғанына 100 жыл (1918)

________________________________________________

«Ақмола» энциклопедиясы, «Атамұра» баспасы 1995,

376 бет

21-23 қазан85 жыл (1933) бұрын Ақмолада 1 аудандық мал шаруашылығы екпiндiлерiнiң слеты өттi. Слет үздiк колхозға және совхозға ауыспалы Қызыл Жалау және 10 үздiк екпiндiге сыйлықақы берудi шештi. Слетке қатысушылар жарысқа Көкшетау ауданын шақырды.

________________________________________________

«Акмолинский ударник» газетi 27 құркүйек 1932 жыл

25 желтоқсан60 жыл бұрын (1958) Бүкiлодақтық ауылшаруашылығы көрмесi Бас Комитетiнiң қаулысымен Ақмола облысы ХШЖК қатысушысы болып тағайындалды. Ақмола (Целиноград) ауданы дипломмен және ақшалай сыйақымен марапатталды.

________________________________________________

1 қор, 29 тiзiм, 136 iс , 10-15 бет

Күндерi белгiленбеген айтулы және естелiк күндер

Ақпан* «Ақмола — Феникс» АҚ халық хорының құрылғанына 45 жыл (1973)

_____________________________________________________

«Призыв» газетi, 14 наурыз 2008 жыл №56

Сәуiр10 бұрын (2008) Целиноград ауданының орталығында «бiр терезе» ұстанымы бойынша жаңа ХҚКО (халыққа қызмет көрсету орталығы) жұмыс iстей бастады

_____________________________________________________

«Призыв» газетi 18 сәуiр 2008 ж. №23-24

Қыркүйек*55 жыл бұрын (1963) Қазақстанның КПОК, КазСРО Жоғарғы Кеңес Призидиумының және КазСРО Министрлер Кеңесiнiң қаулысымен ауыл шаруашылығы даму үшiн жасаған көрнектi жетiстiктерi үшiн колхоздар мен совхоздардың 37 озат еңбеккерлерi республиканың Алтын Құрмет Кiтабына енгiзiлдi. Олардың iшiнде «Челкарский» совхозының механизаторы В.П.Дубинин.

_____________________________________________________

«Призыв» газетi, 21 қыркүйек 1963 жыл

Қыркүйек10 жыл бұрын «Родина» агрофирмасына Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаев және Германия Президентi Келлер Хорст келдi.

______________________________________________________

«Призыв» газетi 12 қыркүйек 2008 жыл №55

Социалистiк Еңбек Ерi, Воздвиженка ауылының құрметтi азаматы —
Кенжебек Алпысбаевтың туғанына 115 жыл

Кенжебек Алпысбаев (05.01.1903) Ақмола облысы Ақмола (қазiргi Целиноград) ауданы Оразақ ауылының тумасы, механизатор. Еңбек қызметiн 1920 жылы бастаған. «Челкарский» совхозы құрылғаннан кейiн, 1929 жылдан бастап қой бағушы қызметiн атқарған, 1934-1937 жылдары — «Красный Флаг» колхозының трактористi, 1938-1959 жылдары — Семеновка машино –трактор станциясының комбайнерi, 1959-1978 ж. — Ақмолы облысы Целиноград ауданы «Воздвиженский» совхозының комбайнерi.

Аудан аумағының тың және тыңайған жерлерiн игеруге қатысқан. Қауырт жұмыстар нәтижесiнде (1956) басқада диқандармен қоса Социалистiк Еңбек Ерi атағына ие болған. ССРО медальдарымен және ордендерiмен марапатталған. 1990 жылдың 25 ақпанында дүниеден озды.

Ақмола (Целиноград) ауданының құрылғанына 90 (1928) жыл

Орталығы, Ақмола қаласы болған, Ақмола ауданы 1928 жылдың 17 қаңтарында құрылды.

Аудан Ақмола уезiнiң Ақмола және Еремей, Ишим болыстарының бөлiгiнен құрылды. Оның құрамына Ақмола болысының Александр, Елезаветград, Қуандыкөл, Максимовка, Приречный, Покровка, Радионовка, Рождественка, Романовка, Семеновка, Софиевка, Станичный, Тагангор, Херсоновка селолық Кеңестерi және 2-шi, 3-шi, 4-шi ауыл Кеңестерi, Нұра болысының 2-шi ауыл Кеңесi кiрдi.

Социалистiк Еңбек Ерi, «Родина» совхозының механизаторы
Леонид Михайлович Картаузовтың туғанына 85 жыл

Леонид Михайлович Картаузов 1933 жылдың 16 маусымында Ленинград қаласында дүниеге келген, механизатор, Социалистiк Еңбек Ерi (1972). 1941-1943 ж. Калинин облысының аумағындағы партизандық қозғалысының қатысушысы, 1943-1944 ж. 3 –шi Прибалтийск фронтының атқыштар дивизиясының 185- шi полкының ұлы, ұрыстарға қатысқан, ауыр жарақаттан кейiн екi аяғынан айырылған. 1951-1955 жылдары Ленинград қаласында етiкшi, Каунасе (Литва). 1955 жылы комсомол жолдамасымен тың және тыңайған жерлердi игеру үшiн Қазақстанға келдi, трактористтер курсын бiтiрiп, Целиноград ауданы «Родина» совхозында жұмыс iстедi. ССРО Жоғарғы Кеңесi 9 — шы шақырылымның депутаты. Картаузовқа, В.Гундаревтiң «Какого цвета поле», В.Онищенконың «Парень из первого эшелона» атты кiтаптары, Н.Уразованың «Парень целины» поэмасы, «Человек на земле» атты фильмi арналған.

70 жыл (1948) бұрын Қорабай Инербаевқа
Социалистiк Еңбек Ерi атағы берiлдi

Қорабай Инербаев Ақмола ауданының тумасы. 1929 жылға дейiн байлардың малын баққан. 1929 жылы Жаңаауыл колхозына кiрiп, мал терiсiмен айналысты. 1940 жылдан бастап — жылқы фермасының меңгерушiсi. ҰОС –сы кезiнде оның басқаруымен жылқы саны ұлғайды. 1948 жылы мал шаруашылығында жоғарғы өнiм алған үшiн К.Инербаевқа Социалистiк Еңбек Ерi атағы берiлдi.

Социалистiк Еңбек Ерi — Дмитрий Тихонович Степановтың
туғанына 100 жыл (1918)

Дмитрий Тихонович Степанов 1918 жылдың 22 қазанында қазiргi Целиноград ауданы Воздвиженка ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1932 жылы Ақмола ФЗО мектебiн тамамдағаннан кейiн паравоз депосының слесарi болып бастады. 1938 жылдан бастап Кеңес Әскерiнiң қатарында борышын атқарып, Оңтүстiк — Батыс, Сталининград, 1-шi Украин фронттарындағы ұрыстарға қатысты. Висла жедел ұрысында көзге түстi. 1948 жылы оған Совет Одағының Ерi атағы берiлдi. ҰОС  — нан кейiн Кеңес Әскерiнде қызметiн жалғастырды. 1961 жылы Горький (қазiргi Нижний Новгород) қаласына көштi.

«Ақмола — Феникс» АҚ халық хорының құрылғанына 45 жыл (1973)

Малиновка ауылында хордың шығуы 1973 жылдың ақпанында болды, ол ауыл тұрғындарына шынайы шаттық кiргiздi. Ол кезде Қазақстанда осындай шығармашылық ұжымдар сирек едi.

Хорда 30 дай әншi және би тобыда болды. Алғашқы концерт 1973 жылдың 05 наурызында өттi. Бұл 45 жылға жалғасқан шынайы мереке болды. Хор жетекшiсi Владимир Трофимович Гроза «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген мәдениет қызметкерi» атағына ие болды.

55 жыл (1963) бұрын «Челкарский» совхозының механизаторы В.Дубинин
Алтын Құрмет Кiтабына енгiзiлдi

В.Дубинин 1961 жылы машинаның құнын шығарып шаруашылыққа жаңа трактор алу үшiн, күрделi жөндеусiз және қосалқы бөлшектердi сатып алатын қаражатты үнемдеу арқылы үш жыл бойына өзiнiң тракторымен жұмыс iстеу мiндетiн қабылдады.

1961 жылы ол 2230 га жеңiл егiстi таңдап 200 кг жанармай үнемдедi, өзiнiң екi жұмыстағы жолдастарына бiлiктiлiгiн жоғарлатуға көмектестi. 1962 жылдың наурыз айында «дубинин қозғалысына» барлық Ақмола облысының 400 ден астам механизаторы қосылды. Ал толық Қазақстан бойынша 1963 жылдың қаңтарында 3300 ден астам Дубининдi қолдаушылар болды.

1964 жылдың қаңтарында Целиноград қаласының орталық алаңында митинг болды. Бұл салтанат «трактор плюс трактор» жарысының жеңiмпаздарына арналып, оларға жаңа көлiктер табыс етiлдi. Ең бiрiншi болып көлiктi В.Дубинин алды.

Парақтағы соңғы өзгерістер:: 14.08.2017 12:42
© 2018. АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ АРХИВТЕР МЕН ҚҰЖАТТАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЕЛКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Яндекс.Метрика