A- A A+
АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ АРХИВТЕР МЕН ҚҰЖАТТАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЕЛКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Календарь 2017 ж.

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ АРХИВТЕР МЕН
ҚҰЖАТТАМАЛАР БАСҚАРМАСЫ
«ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК АРХИВI»
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТIК МЕКЕМЕСI






2017 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН
ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫНЫҢ
АЙТУЛЫ ЖӘНЕ ЕСТЕЛIК
КҮНДЕРIНIҢ КҮНТIЗБЕСI


Келiсiлдi
Мемлекеттiк архив директоры
___________Б. Уразакова
___________2016 ж.

Ақмол ауылы
2016


М А З М Ұ Н Ы

Алғысөз . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .1

2017 жылдың айтулы және естелiк күндерi. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 2-3

Күндерi белгiленбеген

айтулы және естелiк күндер. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .4

Күнi мен айы белгiленбеген

айтулы және естелiк күндер. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .5

2017 жылдың айтулы және естелiк

күндерiне анықтамалар мен түсiнiктемелер. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 6-8

АЛҒЫСӨЗ

Целиноград ауданының 2017 жылға арналған айтулы және естелiк күндерiнiң күнтiзбесiн Целиноград ауданы мемлекеттiк архивы әзiрледi.

Күнтiзбеге аудан тарихының маңызды оқиғаларының күндерi, аудандық ұйымдар, мекемелердiң құрылу күндерi, ауданның атақты адамдарының мерейтойлары енгiзiлдi.

Күнтiзбенi әзiрлеу кезiнде анықтамалар, жинақтар, мерзiмдi басылымдар пайдаланылды.

Күнтiзбе төрт бөлiмнен тұрады. Бiрiншi бөлiмде хронологиялық тәртiпте күнi мен айы көрсетiлген айтулы және мерейтойлы күндер көрсетiлген. Екiншi бөлiмде күндерi белгiленбеген оқиғалар көрсетiлген. Үшiншi бөлiмде күнi мен айы белгiленбеген оқиғалар көрсетiлдi. Төртiншi бөлiмде мәлiметтерi мерзiмдi басылым мен жарияланған көздерден анықталған 2017 жылдың айтулы күндерiне анықтама — түсiнiктемелер берiлдi.

Осы тарауда анықтама — түсiнiктеме берiлген күндер * белгiсiмен белгiлендi.

Архивист                                                                      А. Алпысбекова

06.09.2016

2017 жылдың айтулы және естелiк күндерi

09 қаңтар

11 қаңтар*Целиноград ауданының әкiмшiлiк орталығын Коктал кентiнен Малиновка ауылына ауыстырғанына 10 жыл (2017)

______________________________________________________

Қазақстан Республикасы Президентiнiң «09» қаңтар 2007 жылғы №243 жарлығы

Кенжебек Алпысбаевқа, Фридрих Христианович Вильгельмге, Евстафи Иванович Сазоновқа, Давид Агеевич Бурлаковқа Социалистiк Еңбек Ерi атағын бергенiне 60 жыл (1957)

______________________________________________________

«Колхозная правда» газетi 1957 жыл 16 қаңтар №7

01 ақпан*Целиноград ауданы емханасының құрылғанына 65 жыл (1957)

______________________________________________________

«Призыв» газетi 1997 жыл 08 наурыз №10

27 сәуiрМалиновка селосы Ақмол ауылы болып атын ауыстырғанына 10 жыл (2007)

______________________________________________________

2007 жыл 27 сәуiрдегi №3с-26-3 Ақмола облысы маслихатының шешiмi және №А-5/144 Ақмола облысы әкiмшiлiгiнiң қаулысы

15 мамыр Ауданның құрметтi азаматы, бұрынғы "Шалқар"совхозының директоры Ташетович Жолымбет Ташетовичтiң туғанына 80 жыл (1937). "Құрмет Белгiсi" "Еңбек Қызыл Ту Орденiмен» екi мәрте және т. б. марапатталған.

______________________________________________________

«Призыв» газетi, 11 мамыр 2007 жыл №26

23 мамыр10 жыл (2007) бұрын, облыс әкiмi М. Т. Есенбаев Софиевский тас жолына жақын 47-шi км тұңғыш цемент индустрия миллионник зауыты құрылысының астына тас салды

_____________________________________________________

«Призыв» газетi, 25 мамыр 2007 жыл №29-30

26 мамыр*Ауданда алғашқы жастар фестивалiн өткiзгенiне (Воздвиженка с.) 60 жыл (1957)

______________________________________________________

«Колхозная правда» газетi 30 мамыр 1957 жыл №65

31 мамыр* Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың "АЛЖИР» саяси қуғын-сүргiн құрбандарына мемориалдық кешенiн ашқанына 10 жыл (2007)

______________________________________________________

«Призыв» газетi 01 маусым 2007 жыл №31-32

05 тамыз*Кеңес Одағының батыры, ұшқыш, аудан тумасы — Талгат Якупбекович Бегельдиновтың туғанына 95 жыл (1922)

______________________________________________________

«Призыв» газетi 23 тамыз 1997 жыл №34

27 қараша*ҚазСРО Жоғарғы Советiнiң депутаты, Социалистiк Еңбек Ерi, Киров совхозының сауыншысы Сагила Абдрахмановна Есенжолованың туғанына 75 жыл (1942)

______________________________________________________

«Ақмола» энциклопедиясы 323 бет

15 желтоқсан*Кажымұкан туралы кiтаптың авторы М. Керейбаевтың туғанына 70 жыл (1947). Атақты жерлесiмiздiң өмiрбаянын 25 жыл зерттеумен айналысқан. КСРО ХШЖК және ВЦСПС алтын медалiмен марапатталған

______________________________________________________

«Призыв» газетi 08 қараша 1997 жыл №45

Күнi белгiленбеген айтулы және естелiк күндер

Ақпан

85 жыл (1932) бұрын Ақмола ауданы, әкiмшiлiк орталығы Петропавл қаласы болған жаңадан құрылған Қарағанды облысына кiрдi

______________________________________________________

Әкiмшiлiк — аумақтық бөлiну анықтамасы КазСРО (1920-1936ж.) А-Ата, 1959, 230 бет.

НаурызЦелиноград совхоз — техникумының («Целиноград» совхозының базасында) ашылуына 50 жыл

________________________________________________________

Оқиғалар хроникасы «1917-1979 ж. Целиноград облысы»

Мамыр10 жыл (2007) бұрын Үкiмет Басшысы К. Мәсiмов "Лесная поляна" жаңа кешеннiң құрылысын және қарқынды дамып келе жатқан Қосшы елдi мекенiн көруге жұмыс мақсатында келдi

________________________________________________________

«Призыв» газетi 04 мамыр 2007 жыл №24-25

ҚазанБiрлескен жер өңдеу бойынша серiктестiгi (БЖӨ)  — "Тонкерiс жемiсi" артелiнiң ("Жемiстер революциясы») — ашылғанына 90 (1927) жыл қазiргi Төңкерiс елдi мекенi

________________________________________________________

«Призыв» газетi 26 қазан 1967 жыл №129

Күнi мен айы белгiленбеген айтулы және естелiк күндер

*«Октябрь» совхозынан Пiспекбай Елемесовтың туғанына 135 жыл (1822), ауылшаруашылық өндiрiсiнiң ұйымдастырушысы, ҰОС жылдарында «Елемесов қозғалысының» бастаушысы. ҚазСРО Жоғарғы Кеңесiнiң депутаты. ССРО-ның медальдарымен және ордендерiмен марапатталған.

_____________________________________________________

«Ақмола» энциклопедиясы, 320 бет

«Челкарский» совхозының құрылғанына 85 жыл (1929)

_____________________________________________________

«Ақмола» энциклопедиясы, 260 бет

«Кирова» атындағы совхоздың құрылғанына 85 жыл (1929)

_____________________________________________________

«Ақмола» энциклопедиясы, 262 бет

1974 жылы «Воздвиженский» совхозының базасында «Ильиновский» совхозы құрылды

_____________________________________________________

«Ақмола» энциклопедиясы, 261 бет

Кенжебек Алпысбаевқа Социалистiк Еңбек Ерi атағын бергенiне
60 жыл (1957)

Ақмола облысы Ақмола (қазiргi Целиноград) ауданы Оразақ ауылында 1903 жылдың 05 қаңтарында дүниеге келген, механизатор. Еңбек қызметiн 1920 жылы бастаған. «Челкарский» совхозы құрылғаннан кейiн, 1929 жылдан бастап қой бағушы қызметiн атқарған, 1934-1937 жылдары — «Красный Флаг» колхозының трактористi, 1939-1959 жылдары — Семеновка машино –трактор станциясының комбайнерi, 1959-1978 ж. — Ақмолы облысы Целиноград ауданы «Воздвиженский» совхозының комбайнерi.

Аудан аумағының тың және тыңайған жерлердi игеруге қатысқан. Қауырт жұмыстар нәтижесiнде (1956) басқада диқандармен қоса Социалистiк Еңбек Ерi атағына ие болған. ССРО медальдарымен және ордендерiмен марапатталған. 1990 жылдың 25 ақпанында дүниеден озды.

Фрирдрих Христианович Вильгельмге Социалистiк Еңбек Ерi
атағын бергенiне 60 жыл (1957)

Ақмола облысы Ақмола (қазiргi Целиноград) ауданы Рождественка ауылында 1900 жылдың 27 мамырында дүниеге келген. Ауылшаруашылық өндiрiсiнiң ұйымдастырушысы. 1931 жылға дейiн байлардың жұмысшысы болған. 1931-1958 ж. Ақмола ауданы Э.Тельман колхозының төрағасы. 1954 жылы В.Х. Вильгельм басқарған колхоз тың және тыңайған жерлердi игеруге кiрiсiп астық жинауда жоғарғы көрсеткiштерге қол жеткiздi. 1958 жылы зейнетке шықты. ССРО медальдарымен және ордендерiмен марапатталған. 1976 жылдың 30 мамырында дүниеден озды.

Целиноград ауданы ауруханасының құрылғанына 65 жыл (1952)

Алғашқы аурухана аудан қалашығындағы барактарда орналасты. Аурухананың алғашқы тұрғын алаңы — 25 керуеттi. Иван Платонович Горьков, Виктор Иванович Черномашенцев, Михаил Иваноич Грибанов (кейiн ол облыс денсаулық сақтау меңгерушiсi, Қазақстанның денсаулық сақтау министiрiнiң алғашқы орынбасары болған), Лазо Мухамедиевич Агибаев. Ауруханада — диагностикалық — қабылдау, босану, урогинекологиялық, балалар, терапевтiк, хирургиялық, жұқпалы, жан сақтау бөлiмшелерi болды.

Ауданда алғашқы жастар фестивалiнiң өткенiне (а.Воздвиженка)
60 жыл (1957)

1957 жылдың 26 мамырында салтанатты түрде алғашқы ауданның жастар фестивалi ашылды. Фестиваль «За хлеб и мир» атты ұранымен өттi. Фестивальға ұжымдар, көркем шығармашылық солистерi, дене шынықтыру ұжымдары, сондай-ақ, ауданның шығармашыл жастары қатысты. Жастық, күш, сұлулық, қабiлет, талант фестивалi екi күнге созылды.

Фестиваль бағдарламасында: фестивальға қатысушылар шеруi, спорттық жарыстар, көркем шығармашылық қатысушыларының конкурсы, костюмдi бал — карнавал. Фестиваль жеңiмпаздары спортсмен — чемпиондар, үздiк орындаушылар облыстық, республикалық және бүкiлодақтық фестивальдарға қатысады.

Аудандық фестиваль VI бүкiләлемдiк студенттер мен жастар фестивалiне арналған (Мәскеу).

Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаев «АЛЖИР»
саяси қуғын — сүргiн құрбандарына мемориалды кешенiн
ашқанына 10 жыл (2007)

2007 жылдың 31 мамырында Қазақстан Республикасынаң Президентi Н.Ә.Назарбаев барлық саяси қуғын — сүргiн құрбандарына «АЛЖИР» мемориалды кешенiн ашты (а.Ақмол). Н.Ә.Назарбаевтың алғашқы жарлықтарының бiрiн 31 мамырды — саяси қуғын — сүргiн құрбандарын Еске алу Күнi етiп тағайындады.

Ашылу салтанатында Ел басы тiзiмнен көптеген саяси қуғын — сүргiн құрбандарының атын атап өттi. Террор құрбандары барлық республикалар өлкелерiнiң адамдары болды. Қазақстанға 1,5 миллион жазықсыз адамдарды жер аударды. Малиновка селосында әйгiлi «АЛЖИР» лагерi орналасты. Президент Ақмол ауылында еске алу шырағын өзi жақты. Атақты Соловков орасан зор тас осында жеткiзiлдi. Кешендi ашу рәсiмiне Премьер — Министр К.Мәсiмов, астана, облыс, аудан әкiмдерi қатысты.

Талғат Якупбекович Бегельдиновтың туғанына 95 жыл (1922)

Ақмола, қазiргi Целиноград ауданы Майбалық ауылында дүниеге келген. екi мәрте Совет Кеңесiнiң Ерi, генерал — майор. 305 жауынгерлiк ұшуға шығып, 7 ұшақтың, он шақты танктердiң, басқа да ұрыс техникаларын, қарсыластың адам күшiнiң көзiн жойған. И.С.Полбина атындағы Оренбург жоғарғы әскери авиациялық училищесiнiң құрметтi курсанты. «305 рейдов», «Илы атакуют», «Воздвушные бои» кiтаптарының авторы.

1997 жылы ауданда екi мәрте Кеңес Одағының Ерi, авиацияның генерал-майоры Т. Бигелдиновтi салтанатты құттықтау өттi. Аудан әкiмiнiң орынбасары Е.Б.Күмпеисов Майбалықтан шыққан жерлесiмiзге «Ер жiгiт көктеде, жердеде әр қашан ер жiгiт болып қалады. Бұл сәйгүлiк Ақмола даласының жайлауын құрметтi ақсақалға әрқашан еске салып тұрсын» деп сәйгүлiк сыйлады.

Сағила Абдрахмановна Есенжолованың туғанына 75 жыл (1942)

1942 жылдың 27 қарашасында Целиноград ауданы С.М. Кирова ауылында дүниеге келген. Сауыншы, Социалистiк Еңбек Ерi. 1977 жылдан бастап сүт — сату фермасының бригадирi. 10 сайланымдағы КазСРО Жоғарғы Кеңесiнiң депутаты. КазСРО ордендерiмен және медальдарымен марапатталған.

Мұрат Орынбекович Керейбаевтың туғанына 70 жыл (1947)

1947 жылдың 27 желтоқсанында Буденное ауылында (қазiргi Қажымұқан ауылы) дүниеге келген. Орта мектептi бiтiргеннен кейiн Қарағанды педагогикалық институтының химико — биологиялық факультетiне түсiп және Новоишимский техникумының ветеринарлық бөлiмшесiн қоса аяқтады. Еңбек қызметiн мұғалiм болып бастады. Целиноград ауданының жастар ұйымын, партияның шаруашылық ұйымын және кәсiподақ комитетiн басқарды. Б.В.Коха және В.А.Моревиннiң вокалды студиясының класын бiтiрдi. Оның сахнадағы шеберлiгiне Мәскеу қаласы үш рет танты болды. 1970 жылы Кеңес Әскерiнiң әншiсi болған.

«Қымызмұрындық», «Атадан — мирас», «Бата — тiлек», «Бастау», «Наурыз» және т.б. кiтаптарының авторы. Әйгiлi жерлесiмiз Қажымұқанға арнаған «Бала Мұқан. Палуан Мұқан. Қажы мұқан» атты үш кiтаптың авторы. М.Керейбаев 25 жыл бойы Қажымұқанның өмiрбаянын зерттеп, аты аңызға айналған балуан Қажымұқанға байланысты мақал-мәтелдер мен қанатты сөздерден жинағын дайындады. Қажымұқанға арналған республикалық конкурстың жүлдегерi. КСРО ХШЖК және ВЦСПС алтын медалiмен марапатталған.

«Елемес қозғалысының» — бастаушысы
Пiспекпай Елемесовтың туғанына 135 жыл (1822)

Ауылшаруашылық өндiрiсiнiң ұйымдастырушысы, 1882 жылы дүниеге келген. 1929 жылға дейiн байлардың жұмысшысы болып, алғашқы болып колхозға кiрген. Мал шаруашылығында жұмыс атқарған. ҰОС жылдары «Елемесов қозғалысы» бастаушысы болды. 1944-1946 жылдары 5 адамнан тұратын жоғарғы бидай өндiрудi ұйымдастырып басқарды. Жұмыс тәуiлiгiне 16-17 сағаттан ауысымды, кейде толық тәулiк бойы болып ұйымдастырылды. 1946 жылы қауырт жұмыстар аяқталғаннан кейiн мал шаруашылығына қайта оралып, қой кейiн жылқы фермасының меңгерушiсi болып жұмыс атқарды. «Елемес қозғалысы» Ақмола облысын толық ұстады. КазСРО Жоғарғы Кеңесiнiң депутаты (1947, 1951). ССРО — ның медальдарымен және ордендерiмен марапатталған. 1953 жылдың 21 наурызында дүниеден озды.


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 14.08.2017 11:42
@2018 АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ АРХИВТЕР МЕН ҚҰЖАТТАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЕЛКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Яндекс.Метрика
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»