Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасының «Целиноград ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі».

Календарь 2016 ж

АЛҒЫСӨЗ

Целиноград ауданының 2016 жылға арналған айтулы және естелiк күндерiнiң күнтiзбесi Целиноград ауданының Мемлекеттiк мұрағатымен әзiрлендi.

Күнтiзбеге аудан тарихының маңызды оқиғаларының күндерi, аудандық ұйымдар, мекемелердiң құрылу күндерi, ауданның атақты адамдарының мерейтойлары енгiзiлдi.

Күнтiзбенi әзiрлеу кезiнде анықтамалар, жинақтар, мерзiмдi басылымдар пайдаланылды.

Күнтiзбе төрт бөлiмнен тұрады. Бiрiншi бөлiмде хронологиялық тәртiпте күнi мен айы көрсетiлген айтулы және мерейтойлы күндер көрсетiлген. Екiншi бөлiмде күндерi белгiленбеген оқиғалар көрсетiлген. Үшiншi бөлiмде күнi мен айы белгiленбеген оқиғалар көрсетiлдi. Төртiншi бөлiмде мәлiметтерi мерзiмдi басылым мен жарияланған көздерден анықталған 2016 жылдың айтулы күндерiне анықтама — түсiнiктемелер берiлдi.

Осы тарауда анықтама — түсiнiктеме берiлген күндер * белгiсiмен белгiлендi.

Целиноград ауданы
мемлекеттiк мұрағаты
директоры                                                                                                                                        Б. Уразакова

 

10.08.2015.

 

2016 жылдың айтулы және естелiк күндерi

20 қаңтар

21 сәуiр55 жыл бұрын (1961) «Совхоздарды ұйымдастыру-шаруашылық нығайту туралы, жаңа совхоздарды құру және тың және тыңайған жерлердi қосымша игеру туралы» КОКП ОК мен КСРО Министрлер Кеңесiнiң қаулысы қабылданды ________________________________________________

«Хроника событий», 1961 жыл

55 жыл бұрын (1961) Қазақстан Коммунистiк партиясы Целинный өлкелiк комитетiнiң шешiмiмен «Колхозная правда» аудандық газетi «Совхозная жизнь» газетi болып қайта аталды

______________________________________________________

«Совхозная жизнь» газетi 1961 жыл 21 сәуiр №32

24 сәуiр55 жыл бұрын (1961) Қазақ СРО Жоғарғы Кеңесi Президиумының 1961 жылғы 24 сәуiрдегi Жарлығымен Ақмола ауданы Целиноград ауданы болып қайта аталды ____________________________________________________

«Хроника событий», 1961 жыл

15 мамыр*«Воздвиженский» совхозының құрылғанына 95 жыл (1921) ___________________________¬¬-__________________________

Газета «Призыв», 20 мая 1971 год №62

19 тамыз 40 жыл бұрын (1976) Ильиновский», «Новоишимский», «Воздвиженский», «Красный флаг» совхоздарының, құс шаруашылығы бойынша Целиноград өндiрiстiк бiрлестiгi алқаптарын Қазақстан Компартиясының бiрiншi хатшысы Д.А. Қонаев, республиканың Министрлер Кеңесiнiң төрағасы Б.А. Әшiмов келiп қарады.

______________________________________________________

«Целиноградская правда» газетi, 20 тамыз 1976 жыл

12 тамыз30 жыл бұрын (1986) құс шаруашылығы бойынша Целиноград өндiрiстiк бiрлестiгi Еңбек Қызыл Ту Орденiмен марапатталды

_____________________________________________________

«Ұран» газетi, 12 тамыз 1986 жыл №98

20 қазан60 жыл бұрын (1956) СРО Жоғарғы Кеңесi Президиумының Жарлығымен «Тың және тыңайған жерлердi игергенi үшiн» медалi бекiтiлдi

______________________________________________________

«Правда», 21 қазан 1956 жыл

Күнi белгiленбеген айтулы және естелiк күндер

Шiлде

35 жыл бұрын (1981) Киров атындағы, «Қазақстанға 40 жыл» совхозының шошқа бағушы әйелдерi Л.В.Наедина, Г.А. Лютц ХШЖК алтын медальдерi табысталды ______________________________________________________

«Ұран» газетi, 23 шiлде 1981 жыл №88

Күнi мен айы белгiленбеген айтулы және естелiк күндер

*Бұрынғы 18 колхоздың негiзiнде 8 iрi совхоздардың құрылғанына 55 жыл (1961)

_____________________________________________________

«Колхозная правда» газетi 14 наурыз 1961 жыл №21.

*

*Қажымұқан Мұңайтпасовтың туғанына 145 жыл (1871) ____________________________________________________

«Хроника событий», «Ұран» газетi 1996 жыл

Целиноград зооветеринарлық техникумының құрылғанына 65 жыл (1951)

___________________________________________

«Ұран» газетi, 28 мамыр 1981 жыл №64

*Қабанбай батыр ауылдық округiнiң құрылғанына 120 лет (1895) (Рождественка а.)

_____________________________________________________

«Ұран» газетi, 19 қазан 1996 жыл №42

Жаңа совхоздардың құрылғанына 55 жыл (1961)

1961 жылы ауданның барлық колхоздарында жалпы жиналыстар өткiзiлдi. Жиналыстарда ауыл шаруашылығы бiрлестiктерi негiзiнде iрi совхоздар құру туралы бiрауыздан шешiм қабылданды. Осылайша, бұрынғы 18 колхоз негiзiнде 8 iрi совхоз құрылды.

Орталық мекенi Воздвиженка ауылы болып табылатын «Воздвиженский» совхозы «Дружба», «Передовая», Свердлов атындағы, Киров атындағы және Семеновка ЖТС колхоздарының негiзiнде құрылды.

Орталығы Максимовка «Рассвет» совхозы «Рассвет», Сталин атындағы колхоздардың және «Родина» екiншi бригадасының негiзiнде құрылды.

«Новоишимский» совхозы «Победа» колхозының, «Родина» колхозы бiрiншi бригадасы мен орталығы Новоишимкада орналасқан «Авангард» ЖТС негiзiнде құрылды.

«Родина» совхозы қолданыстағы шекараларда жер пайдалану арқылы «Новый быт» колхозының негiзiнде құрылды. Орталығы — Приозерное ауылы.

«Красноярский» совхозы «Путь Ленина» колхозы, Карл Маркс атындағы 4 және 5-шi колхоз бригадаларынан тұрады. Орталық мекенi Жалғызқұдық ауылында орналасқан.

Орталығы Романовка ауылы «Қазақстанға 40 жыл» совхозы Калинин атындағы колхоз, Карл Маркс атындағы 1, 2 және 3-шi колхоз бригадаларының негiзiнде құрылған.

«Октябрь» совхозы «Путь Сталина» колхозы мен Калинин атындағы 4-шi колхоз бригадасының негiзiнде құрылды.

Жданов атындағы колхоз «Заря» совхозына қосылды.

Қажы-Мұқан Мұңайтпасовтың туғанына 145 жыл (1871)

1871 жылы Ақмола облысының Буденное ауылында (қазiргi Талапкер ауылдық округiнiң Қажымұқан ауылы) дүниеге келдi. Аты аңызға айналған қазақ палуаны, классикалық күрес шеберi. Алғаш рет кәсiби күресшi, әлем чемпионы Георг Лурихтiң цирк тобы құрамында шыға бастады. «Ямагата-Муханура», «Қара Мұстафа», «Махмұт» және т.б. бүркеншiк атымен француз және еркiн күрестерi бойынша халықаралық жарыстарға қатысты. Саратов, Казань, Омск, Троицк, Уфа мен басқа да қалаларда өткен турнирлердiң, Мәскеу, Киев, Рига, Минск, Париж, Варшава, Харбин халықаралық чемпионаттарының жеңiмпазы, жүлдегерi. Оңтүстiк Америка, Таяу және Орта Шығыс елдерiн айналып сапар шектi. 1909-1911 жылдары Тая және Орта Шығыс қалаларында ең мықты түрiк палуандарымен күрестi. Осы турнеде Мұқан есiмiне «Қажы» («Хаджи») сөзi қосылды, бұл оның алып күш иесi әрi ұлы балауан екенiн айшықтаудың бiр белгiсi iспеттi. 1909 жылы Гетеборгта (Швеция) француз күресi бойынша өткен әлем чемпионатында алтын медаль иесi атанды. 1927 жылы ҚазСРО ОСК Президиумы Мұңайтпасовқа «Қазақ даласының батыры» құрметтi атағын бердi.

65 жыл бұрын (1951) Целиноград зооветеринарлық техникумы құрылды

Бiр кездерi бұрынғы Ақмоланың орталығында қыздар гимназиясы орналасқан екi қабатты шағын үй тұрған едi. Үш аудитория жоғарғы қабатта, үшеуi төменгiсiнде орналасқан. Аталмыш ғимараттың жоғарғы қабатында машина жасау техникумы орналасты, ал төменгi қабаты зооветеринарлық техникумға берiлдi. Сабақтарды үш оқытушы ғана жүргiзген болатын. Алғашқы мамандарды дайындап шығару 85 адамды құрады.

Он жылдан кейiн — 1961 жылы зооветтехникум Новоишимка ауылына берiлдi. Техникумда екi бөлiмше жұмыс iстедi: ветеринарлық және зоотехникалық. Қызмет ету жылдарында оқу орны республиканың колхоздары мен совхоздары үшiн он мыңдаған жоғары бiлiктi мамандар даярлап шығарды. Сондай мамандардың бiрi Иван Иванович Шарф — құс шаруашылығы бойынша Целиноград өндiрiстiк бiрлестiгiнiң директоры.

120 жыл бұрын (1895) Рождественка ауылы құрылды (қазiргi Қабанбай батыр ауылдық округi)

1895 жылы Украинадан алғаш қоныс аударушылар, Отт және Бриль немiс отбасылары Ақмола қаласынан қырық шақырым жерде Фриденфельт шағын ауылын құрды. 1901 жылы ауыл халқының саны 80 отбасын құрды, негiзiнен немiстер тұрды. 1917 жылы тұрғындар саны 335 адамды құрады, 67 аула, бiр сауда дүкенi, көлiктен — бiр арба (телега), мектеп жоқ. Мемлекеттiк билiк органдары — патша шенеунiктерi. Баспана — саман үй. Ауылда бiр де бiр жасыл желек отырғызылмаған. 1921 жылы алғашқы мектеп ашылады, мұнда 49 оқушы бiлiм алды.

1932 жылы Тельман атындағы колхоз ұйымдастырылды, құрылу жылында колхоз 600 гектарға жуық егiстiк егiп, 80 бас қой, 35 сиыр мен 12 бұқа болды.

Алғаш рет комсомол ұйымы мен пионер ұйымы құрылды.

1937 жылы Қазғошы МТС жұмысы бастау алды. Алқапқа алғаш рет 4 трактор шықты. Егiстiк алаңы бернеше рет ұлғайды.

1951 жылы колхоздарды нығайту басталды, төрт колхоздан iрi шаруашылық — «Путь Сталина» ауыл шаруашылығы бiрлестiгi құрылды.

1961 жылы «Октябрь» совхозы құрылды.

95 жыл бұрын (1921) Воздвиженка совхозы құрылды

«Бiз, азаматтар қауымы, алқаптарды бiрлесiп өңдеу үшiн күш жұмылдырып, бiрiктiк, алайда алқаптардың тарлығы мен жиi көшудi, сондай-ақ сусыз алқаптарды ескеретiн болсақ, бiзге бiрлескен шаруашылықты жүргiзу қиынға соғады. Бiздiң үйлерiмiз ауылдың әрбiр шеттерiнде орналасқан, сондықтан жетiстiктiң орнына бәсеңдеу орын алуда. Сол себептi өз шаруашылықтарымызды кеңейту мен дамытуға мүмкiндiк болатын ең қолайлы орынға қоныстануға рұқсат беруiңiздi сұраймыз, дәлiрек айтсақ, еңбек бiрлестiгi үшiн Луньков зәйiмкесiн бөлiп берудi сұраймыз, өйткенi ол қазыналық жерде орналасқан, алқабы құнарлы және ешбiр пайдасыз бос тұр, бұл жерде бай шаруашылық жүргiзуге болады». Осындай өтiнiш мәтiнi 1921 жылдың 15 мамырында уездiк жер бөлiмiне жазылған. Осы күннен бастап Воздвиженка совхозының жылнамасы жүргiзiлуде.

Егер Қорғалжын жолымен жүретiн болсақ, Малиновка ауылына бiрнеше шақырым қалғанда сол жақта кiшiгiрiм арал көруге болады, аталмыш жерде ондаған үй паналауда, бұл «Красный Маяк», бiр кездерi колхоз орталығы болған-ды.

1961 жылы «Воздвиженский» совхозы құрылды.

Парақтағы соңғы өзгерістер:: 03.08.2016 09:47
© 2024. Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасының «Целиноград ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі».