AA

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ АРХИВТЕР МЕН ҚҰЖАТТАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЕЛКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

2017 жылдың 9 айына жоспарды орындау бойынша ЕСЕП

Ақмола облысы архивтер
Мен құжаттамалар басқармасының
«Целиноград ауданының мемлекеттiк архивi»
КММ

2017 жылдың 9 айына
жоспарды орындау бойынша
ЕСЕП

2017 жылдың 9 айына архивтың жұмысы осы аралыққа жоспраланған көрсеткiштердi орындауға бағытталды.

Жаңа жаңа үй — жайға көшу салдарынан архив қоры кеңейiп оның ауданы 324,12 м² құрды. Стеллаждар құрылып, қорлар жаңа архив қоймасына ораналастырылды, терезелерге перделер iлiнiп, өрт сөндiрiгшьер орындарына қойылып, күзет белдi беру жүйесi орнатылды.

9 ай аралығында 9434 сақтау бiрлiгi жаңа қораптарға салынды. Аталған қордың 40 сақтау бiрлiгiнде 325 бет жаңартылып, 31 сақтау бiрлiгiнiң мұқабасы ауыстырылды.

№2 Ақмола облыстық ауруханасына, Нұресiл, Красноярка, Қоянды ауылдық округтерiне номенклатураны әзiрлеуде әдiстемелiк көмек көрсетiлдi.

Целиноград ауданының сотына азаматтық iстер №3 тiзiмдемесiн, iстердi жою актiсiн әзiрлеуге әдiстемелiк және iс жүзiнде көмек көрсетiлдi. Целиноград ауданының кәсiпкерлiк және өнеркәсiптi дамыту, экономика және қаржы, жолаушылар тасымалы және автомобильдiк жолдар бөлiмдерiнiң, №2 Ақмола облысының ауруханасының номенклатурасы бекiтiлдi.

Селолық округтарға шығып құжаттарды ғылыми — техникалық өңдеуге, номенклатураны әзiрлеуге және iс — жүргiзуге әдiстемелiк және iс жүзiнде көмек көрсетiлдi. Құжаттар 1945 жылдан берi өңделмегендiктен және 2017 жылдың қараша айына құжаттарды мемлекеттiк архивқа сақтауға тапсыратындықтан Шалқар селолық округiне қайта барылды. Сондай — ақ Нұресiл, Қараөткел, Қоянды ауылдық округтерiне шығып құжаттарды ғылыми — техникалық өңдеуден өткiзуге, номенклатураны әзiрлеуге әдiстемелiк және iс жүзiнде көмек көрсетiлдi.

Барлығы 9 ай iшiнде 6 дөңгелек стөл, оның iшiнде 3 тоқсанда 5, оның iшiнде 2 мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша, 2 iс жүргiзу және номенклатураны әзiрлеу бойынша және 1 стөл сыбайлас жемқорлыққа қарсы бойынша. Сондай — ақ «Архивтық анықтамаларды беру» мемлекеттiк қызметтi көрсету атты №1 ХҚКО –да өткiзiлген дөңгелек стөлге Целиноград ауданының мемлекеттiк архив қызметкерлерi қатысты .

2017 жылдың 9 ай аралығында құжаттарды ғылыми — техникалық өңдеу бойынша 5 семинар, оның iшiнде 2 семинар селолық округтерде өткiзiлдi. 27 қыркүйекте архив ғимаратында құжаттарды ғылыми — техникалық өңдеуден өткiзу бойынша: iшкi тiзiмдеменi жасау, қорытынды парақты даярлау, тұрақты сақталатын құжаттарды және жеке құрам бойынша құжаттарды қалыптастыру бойынша ведомствалық архивтiң архивистерiмен оқыту семинары өткiзiлдi.

«Есiл Нұра» газетiнде «Жастрадың алғашқы фестивалi», «Архивтан мәлiмет алыңыз» атты мемлекеттiк тiлде мақалалар жарыққа шықты және «Тарих беттерi» айдарынан «Вестник Акмола» газетiнiң беттерiнде ауданда алғашқы жастар фестивалi өткенiнiң 60 жылдығына орай «Первый молодежный фестиваль» мақаласы басылып шықты. Мемлекеттiк қызмет айдарынан «Если Вам нужна архивная справка» мақаласы шықты.

2017 жылдың 21 тамызында «Мектепке жол бастау» атты акциясына қатысып, Қараөткел орта мектебiнiң табалдырығын аттап отырған Махмед Сабинаға мектеп формасын сыйлады.

Қазақстан Республикасының Конситуция күнiне орай Целиноград ауданының оратлықтандырылған кiтапхана жүйесiмен бiрлесе отырып «Менiң Қазақстаным — Менiң Елiм» тақарабында iс — шара өткiзiлдi және 29 тамызда «Ата заң — елдiң айбыны» атты аудандық iс –шараға Целиноград ауданының мемлекеттiк архив ұжымы қатысты.

«Архивтiк анықтамалар беру» мемлекеттiк қызмет бойынша буклеттер дайындалды.

Күнделiктi «Архивтiк анықтамалар беру» мемлекеттiк қызметi көрсетiлуде.

Директор                                                                                               Л.Абраева

Парақтағы соңғы өзгерістер:: 06.11.2017 15:38
© 2018. АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ АРХИВТЕР МЕН ҚҰЖАТТАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЕЛКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Яндекс.Метрика