Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасының «Целиноград ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі». |
2018 жылдың 28 мамырында Целиноград ауданы мемлекеттiк архивiнiң директоры Ақмол селолық округ әкiмшiлiк аппаратының қызметкерлерiне «Құжаттардың iстер тiзiмдемесiн жасау тәртiбi» атты семинар өткiздi. Директор өз сөзiнде құжаттардың iстер тiзiмдемесi ол — сақтау бiрлiгiнiң/есепке алу бiрлiгiнiң құрамы мен мазмұнын ашуға, қор iшiнде жүйелеудi және есепке алуды нығайтуға арналған архивтiк анықтама екендiгiн атап өттi.