Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасының «Целиноград ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі».

«Ақмола облысы архивтік құжаттарда» жылжымалы фотокөрмесі

Целиноград ауданында 2018 жылдың 28 тамызында «Өлке тарихы — ел тарихы» атты көрмесi сағат 9.30 -16.00 дейiн өттi. Көрме Ақмол ауылының мәдениет үйiнде болды. Көрменiң салтанат түрiнде ашылуына Целиноград ауданының әкiмi Малғаждар Саттарұлы Тәткеев және Ақмол ауылының №5 орта мектебiнiң жоғары катерогриялы мұғалiмi Светлана Васильевна Жүнiсова қатысты.

Құттықтау сөздi аудан әкiмi М.С. Тәткеев пен аудандық мұрағат директоры Л.Абраева сөйледi.

Көрменi тамашалауға аудандық бөлiмдердiң басшылары, аудандық мәслихат хатшысы Берiк Амантайұлы Жанбаев, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының бiрiншi орынбасары Рахым Жақияұлы Түлкiбаев, аудандық мекемелердiң қызметшiлерi, Ақмол ауылының «Жаңғыру» ұйымының ұжымы келдi. Көрменi барлығы 163 адам тамашалады.

Сонымен қатар, көрменi бөлек, аудан әкiмi М.С. Тәткеевпен бiрге ауданның құрметтi азаматы, «Қазақстанның енбек ерi», «Халық Қаһарманы» Иван Адамович Сауэр, Ақмол ауылының әкiмi, Ауған соғысының ардагерi Жанат Төлеуұлы Дүйсекеев көрдi.

Мақалың шыққан күні: 28.08.2018
Қаралым саны: 3060
© 2024. Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасының «Целиноград ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі».
Яндекс.Метрика