AA

Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасының «Целиноград ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі».

«Қайырымдылық акциясы «Жылулықпен бөлiс»

Қыс аяқталып, жылдың ең керемет уақыттарының бiрi — көктем басталды. Бiрақ жылу тек далада ғана емес, бiздiң жүрегiмiзде де болады. Бұл жылулықпен бөлiсiп, мүмкiндiгi шектеулi балаларға көмек көрсету уақыты келдi.

Мемлекеттiк архив ұжымы Ақмол ауылының № 11 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетiне барып, түзету кабинетiнiң жұмысымен танысып, қол моторикасын дамытуға қажеттi түрлi-түстi қарындаштар, ермексаздар, фломастерлер мен пазлдар сыйлыққа табыс еттi. Педагогикалық ұжым мен балалар сыйлықтарды ризашылықпен қабыл алды.

Мақалың шыққан күні: 01.04.2021
Қаралым саны: 3073
© 2024. Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасының «Целиноград ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі».
Яндекс.Метрика